Педагогикалық жағдаят №8
Мұғалім өзін келемеждеген хатты жолдан ұстап алды. Астында оқушының аты-жөні жазылған . Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекетін көрсетіңіз?
Хатты көрсетіп тұрып жыртып тастайды.
Хат иесін жариялап, көркемдік шеберлігі үшін мадақтау.
Бұған қалжыңмен қарау
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №9
Сыныпта оқушылар шуынан шаршаған мұғалім, ашуланып: "Мектепке не үшін келесіндер осы? Келгеннен кейін бірнәрсе үйреніп кету керек қой" деп, ұрысты.
Бір оқушы: "Достарымызбен сөйлесуге келеміз " деп жауап берді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №10
Бақылау жұмысы кезінде оқушы дәретханаға сұранады.
Мұғалім:
-Әрине шығып кел, бірақ телефоныңды қалдырып кет,-дейді.
Оқушы:
- «Жоқ, ата- анам телефоныңды қандай жағдай болмасын тастама деген, кім біледі қандай жағдайлар болатынын» деп жауап береді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?)
Педагогикалық жағдаят №11
Мұғалім оқушыларға "Дәптерлерлеріңді ашып, жазыңдар...." дейді. Мұғалім бір оқушының жазбай отырғанын көріп:
Неге жазбай отырсың? - дейді.
Оқушы:
- «Жазып не істеймін, мен мұқият тыңдап отырып, есімде сақтап аламын» –деді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).
Педагогикалық жағдаят №12
Бірнеше оқушы сабаққа 15 минутқа кешігіп келеді. Мұғалімнің
неге кешігіп жүрсіндер? деген сұрағына, оқушы «Асханада болдық» - деп жауап берді.
Нәтижесінде мұғалім оқушыларды сабаққа кіргізбеді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |