Педагогикалық жағдаят №3 Сіз қоғамдық көлікте келе жатып, қасыңызда отырған жолаушының сөмкесінен бір адамның әмиян алып жатқандығының куәсі болдыңыз.
Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз?
Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз
Педагогикалық жағдаят №4 Сіздің сыныптастарыңыз жаңадан келген мұғалімнің сабағына саналы түрде кешігіп келді. Сыныптастарыңыз рұхсатсыз кіріп, мұғалімнің ашуына тимекші болды. Мұғалім сәл жымиып, өз орындарына отыруларына рұқсат етті. Оқушылар мұғалімнің мұндай әрекетіне таң қалды.
Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз?
Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз
Педагогикалық жағдаят №5 Сіз тұрған үйде көрші ұл мен қыз бала бір-бірімен дос. Олардың бір-біріне деген қамқорлығы, достығы айналадағы балалардың қалыңдық пен күйеу жігіт деп мазақтауына себеп болады. Сондықтан олар бір-бірінен алшақтай бастады. Мұндай жағдайда не істер едіңіз?
Ештеңе болмағандай кейіп танытасыз.
Ешкімге көңіл аудармауға кеңес бересіз.
«Мазақтаушылармен» сөйлесесіз.
Сіздің жауабыңыз.
Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №6 Сегізінші сыныпта оқитын бір ұлдың қызға жазған хаты мұғалімнің қолына түседі. Ал ол: «Ромео болғаныңа!» деп, хаттағы грамматикалық қателерді жөндей бастайды. «Ромео» болса мұғалімге ренжіп, үш күн бойы сабаққа келмейді.
Кәсіби тұрғыдан педагогтың әрекетін бағалаңыз.
Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз?
Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №7 Мұғалім оқушының сабақ үстінде ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды. Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін талап етеді.
Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез- құлығына талдап жасаңыз.