С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет8/97
Дата15.11.2022
өлшемі1,93 Mb.
#158238
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға 2

айтып сала берді, көріп келе жатты) және модель мағыналы (айта алмады, силай білмеді, айтқалы келді т.б.), ашық рай (осы шақ өткен шақ келе жатыр, айтқан екен т.б) қалау рай (барғысы келеді, айтса игі еді), болымсыз етістіктің сөйлеген емес, келген жоқ т.б. аналитикалық формаларын да көрсетуге болады (О. — ҚҚФ, 72-135).
Сөздің аналитикалық формасына сын есімнің күшейтпелі тұлғасы да жатады. Біріншіден, күшейтпелі буындардың үстелуі не қосымша, не префикс, не артикль сияқты тұлғаларға жатпайды, мұнда жартылай қайталау бар. Сондықтан үстеме буындар көмекші сөздер мәнінде қолданылады. Сонымен бірге күшейтпелі, асырмалы шырай тұлғасын жасайтын күшейткіш үстеу деп аталып жүрген өте, тым, аса, тіпті, орасан тәрізді көмекші сөздердің сапалық сындармен тіркесуі де сөздің аналитикалық формасына жатады. Өйткені бұл жерде күшейткіш буындар да (үп-үлкен, тап-тамаша, жап-жақсы, қып-қызыл т.б.), күшейткіш көмекші сөздер де (өте үлкен, тым тамаша, аса жақсы, тіпті қызыл т.б.) біріншіден, форма тудыратын қосымшалар сияқты өзі тіркескен сөзге қосымша грамматикалық (күшейткіш) мағына үстейді, бірақ лексикалық мағынасына нұқсан келтірмейді не оны өзгертіп жібермейді, екіншіден, белгілі бір парадигмалық түрлену жүйесінің бір тұлғалық көрсеткіші, түрі (күшейтпелі шырай) болып табылады.
Етістіктің аналитикалық формасын жасайтын көмекші етістіктер әдетте негізгі етістіктерден кейін келіп, онымен тіркессе, яғни бұл жерде постпозициялық орын тәртібі болса, сын есімнің аналитикалық формасын жасайтын күшейтпелі буындар мен көмекші сөздер сын есімнен бұрын тұрып, препозитивтік орын тәртібінің көрінісі болып табылады. Әрине, орын тәртібі жағынан бұл құбылыстың мәнін тарихи-салыстырма материалдар арқылы ғана айқындауға болады. Сондай-ақ күшейткіш мәнді көмекші сөздер оқулықтарда үстеу деп танылып жүрсе (Ы.А. — ҚҚТ, 356), кейбір ғалымдар, оларды үстеуге жатқызудың даулы екендігін, үстеу болса, етістікпен тіркесетін сөз табы, ал күшейткіш мәнді көмекші сөздер етістікпен тіркеспейтінін, кей жағдайда тіркесе қалса, сын есім түсіп қалып (өте қатты асықты - өте асықты тәрізді) барып, кейін ғана тіркескенін көрсетеді (О. ҚҚАФ, 20-21).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет