С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік)



Pdf көрінісі
бет10/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік). 
Дәстүрлі медицина әдіс-тәсілдеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, 
рефлексотерапия, фитотерапия мен табиғи жаратылысы бар заттармен емдеу жатады. 
Емшілік ету құқығына ие болу үшін азаматта медициналық білім мен еңбегіне сәйкес 
лицензиясы болуы міндетті. 
Жаппай емшілік пен жаппай ақпарат құралдарын қолдану арқылы емшілік ету заңмен 
қудаланады. Халықтық медицинамен және емшілікпен заңсыз айналысатын азаматтар 
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
1.2 Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері 
Қазақстанда емдеу мекемелерінің 80%-ы мемлекеттік меншік иелігінде, олардың 
20%-ы жеке меншік, яғни мемлекет медицина мәселелерінде басты рөлді сомдайды деген 
сөз. Халық саны 17 миллионнан аса адамды қамтыған жағдайда Қазақстанның 
медициналық нарығының аумағы 500 миллион АҚШ доллары сомасына бағаланады. Орта 
есеппен республика аумағында 54,8 мың дәрігер мен 117 мың орта медициналық персонал 
қызмет етуде. 
Медициналық көмекті қамтамасыз ететін мекемемелер емдік-алдын-алу мекемелері 
деп аталады (ЕАМ). ЕАМ халықтық пункттердің бекітілген болашақ жоспарлары мен 
жоспарлану жобаларына сәйкес орнату қажет.
Топырағында органикалық, химиялық, радиациялық зақымдануы бар бұрынғы қоқыс 
қоймасы, мәйіттер, мал сою алаңдары, ассенизация орындары болған аумаққа мекеме 
салуға болмайды. ЕАМ-ді құрылыстың қызыл жолағынан 30м, тұрғын және қоғамдық 
үйлерден 50 м алшақ орнатып, теміржол, әуежай, жол трассалары мен басқа да күшті 
физикалық факторлардан алшақ орналасуы қажет. ЕАМ аумағы науқастардың тынығуы 
мақсатында кішігірім сәулеттік құрылыстармен жайландырылуы керек.
ЕАМ аумағында қуаттылығы 110 кВт аспайтын электр тасымалдау желілерінің өтуіне 
болмайды, сондай-ақ қалалық (ауылдық) инженерлік коммуникациялар (су, жылу, кәріз 
құбырлары) магистральдары да өтпеуі тиіс. Көгалдандыру көлемі аурухана, диспансер
стационар аумағының 40%-ынан кем болмауы керек. 
ЕАМ екі түрі ажыратылады: амбулаторлық және стационарлық. Амбулаторлық 
медициналық көмекті науқастардың - 80%-ы, ал стационарлық көмекті - 20%-ы 
қабылдайды. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет