С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Жоғары мамандандырылған медициналық көмек



Pdf көрінісі
бет8/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
– диагностикалаудың жаңа 
заманауи технологиялар, емдеу мен медициналық сауықтыруды қажет ететінауруларда 
бейінді мамандармен орындалады (мысалы, эндовидеохирургия, трансплантация). 
Медициналық-әлеуметтік көмек
– қоршаған орта үшін қауіәпті болатын, әлеуметтік 
маңызды аурулармен ауыратын азаматтарға бейінді мамандармен көрсетіледі. Қазақстан 
Республикасы үкіметінің 2009 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулысы бойынша 
әлеуметтік маңызыбар ауруларға: туберкулез, ЖИТС, вирусты гепатит В,С, қатерлі ісік 
аурулары, қант диабеті, психикалық ауытқулар, балалардың церебральді сал ауруы, 
миокард инфарктісі (алғашқы алты ай), ревматизм және т.б.


10 
1.1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері 
Медициналық көмектің келесі түрлері көрсетіледі: 
1) амбулаторлық-емханалық көмек, сонымен қатар алғашқы медициналық-
санитарлық көмек, диагностикалық көмек. 
2) стационарлық көмек; 
3) стационарды алмастырушы көмек; 
4) жедел медициналық көмек; 
5) санитарлық авиация; 
6) төтенше жағдайлардағы медициналық көмек; 
7) сауықтыру көмегі мен медициналық реабилитация; 
8) паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім; 
9) дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік). 
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек
(АМСК) – адам, отбасы және қоғам 
деңгейінде қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі 
немесе білікті медициналық көмекті қамтиды: 
1) жиі кездесеін аурулар, жарақат, улану және басқа да күттірмейтін жедел 
жағдайларды диагностикалау мен емдеу; 
2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шаралар мен ауруларды алдын-алу; 
3) санитарлық-ағарту жұмысы.
АМСК келесі мамандар қызметімен жүзеге асады: участкелік терапевт, педиатр, 
акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер, мейірбикелер. АМСК атқаратын 
ұйымдардың қызметі – медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарды 
аймақтық тип бойынша жергілікті тұрғын мекен-жайы немесе бекітілуі бойынша емделіп-
қаралуын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет