С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын



Pdf көрінісі
бет33/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

2.1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын 
анықтау 
Мақсаттар белгілі, нақты және қолжетерлік болуы керек. Науқас әр мақсатты 
талқылауға қатысып, өз ойын жеткізуі керек.
Үшінші кезеңнің мақсаттары: 
• науқастың қажеттіліктеріне байланысты басым нысананы таңдау керек; 
• таңдаған мақсаттарға жету үшін арнайы стратегия құру керек; 
• мақсаттарға жету мерзімін белгілеу керек. 
Мерзіміне байланысты мақсаттардың 2 түрін ажыратады: 

Қысқа мерзімді (бір аптадан азырақ) 

Ұзақ мерзімді (апталар,айлар, кейбір жағдайларда ауруханадан шыққаннан кейін 
де) 
Жоспарлау – мақсаттарды қалыптастыру және бұлмақсаттарға жету үшін 
мейірбикелік кірісулер процессі. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін қайта қалпына 
келтіру үшін мейірбикенің атқаратын жұмысын науқас мәселелерінің басымдылығы 
бойынша тіркеп, жоспарлау.
Жоспарлау өзіне жатқызады:

Мейірбикелік кірісулердің пейілін және көлемін анықтау 

Науқас және оның туысқандарымен бірге науқастың күтім жоспарын талқылау 

Кірісулердің ұзақтығын анықтау.
2.1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру 
Мейірбикелік үдерістің ең маңызды кезеңдерінің бірі – жоспарлардың жүзеге 
асырылуы. Науқастың күтімінің жоспары – науқас күтімінің жоспарын жүзеге асыру үшін 
мейірбикенің іс-әрекеттерінің барлығы жазылған. 
Мейірбикелік үдерістің төртінші кезеңінің мақсаты: науқасты күту мақсатында 
жасалған барлық қажетті күтім шараларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті жасау. 
Мейірбикелік кірісулердің келесі үш түрін ажыратады: 

Тәуелді – мейірбикенің іс-әрекеттері 

Тәуелсіз 

Бір-біріне тәуелді 
Тәуелді
– дәрігердің белгілеуімен және бақылауымен жасалатын мейірбикенің іс-
әрекеттері. Мысалы, инфузиялық терапияны жүргізу, антибиотиктерді енгізу, байламдарды 
ауыстыру және т.б. 
Тәуелсіз
– мейірбикенің өз ықыласымен біліктілігіне байланысты, дәрігер жақтан 
талап етілмеген іс-әрекеттері. Мысалы, аурудың емге реакциясын бақылау, дәрігерге 
дейінгі көмек көрсету, науқастың жеке гигиенасына қарасты шараларды жүргізу, 
ауруханаішілік жұқпаларды алдын-алу мақсатымен жасалатын шараларды, науқасқа және 
оның жанұясына кеңестер беру, науқастың демалуын ұйымдастыру (жағдай жасау). 


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет