С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет31/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Мейірбикелік диагноз
– бұл мейірбикелік зерттеудің барысында орнатылған 
науқастың денсаулығының бағалануы, бұл мейірбике өзі ескерте немесе/және шеше алатын 
мәселенің қалпы. Бұл көбінесе науқастың шағымдарына негізделген симптомды немесе 
синдромды диагноз.
Мейірбикелік диагнозда ауру қарастырылмайды (бұл дәрігердің мақсаты), 
мейірбикелік диагнозда науқастың өз ауруына реакциясы қарастырылады, сондықтан 
диагнозды құру кезеңінде науқастың өмірінің барлық сфералары ескеріледі. 
Физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік диагноздарға бөлінеді.
Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар

Физиологиялық диагноз: 

жедел немесе созылмалы ауру; 

жеткіліксіз немесе тым көп тамақтану; 

жұтынудын бұзылуы; 

тері жамылғы бүтіндігінің бұзылуы; 

қимыл белсенділігінің төмендеуі; 

тыныс алудын қиындауы, жөтел; 

қызба; 

зәрдің тұрып қалуы, зәрді ұстамау; 

іш қату, диарея, метеоризм; 

шаршағыштық (жалпы әлсіздік); 


33 

ағзаның қорғаныш қызметінің төмендеуі және т.б. 

Психологиялық диагноз: 

эмоциональды тонустың төмендеуі; 

өз жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау;

ауру туралы мәлімет аз болғандығы мазалау; 

медицина қызметкеріне сенбеушілік; 

ота жасау алдындағы қорқыныш; 

өлім қорқынышы;

өзіне қанағаттанбауы; 

жалғыздық;

жанұядағы шиеленісті жағдайлар; 

бөгде адамның күтімі қажеттілігі туралы мазасыздану және т.б.

жазылмайтын ауруға байланысты үмітсіздік пен сенімсіздік сезімдерінің пайда 
болуы; 

демалу мен қарым-қатынастың жетіспеушілігі; 

дербестік сезімінің жетіспеушілігі; 

өзінің ауруына байланысты жақынадамдарына деген «жалған айып» сезімінің пайда 
болуы; 

жалған намыстану сезімінің пайда болуы. 

Әлеуметтік диагноз: 

қозғалыс мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты әлеуметтік оқшаулану; 

мүгедектікке шығуға байланысты финанстық күйі жайлы уайымдау; 

күрделі ауруға байланысты (туберкулез, АИТВ) өзін-өзі оқшаулау. 
Мейірбикелік диагноз (науқастың мәселелері) пайда болу уақытына байланысты 
қазіргі кезде мазалаушы (шынайы, бар) және потенциалды болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет