С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет42/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

 
 
3.2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу)
Қол деконтаминациясы – АІЖ алдын-алуға арналған ең маңызды іс–шара. Қолдың 
тиімді өңделуі үшін керек шарттар: қысқартылған тырнақтар, тырнақ бояуының және 


42 
жасанды тырнақтардың, қолда сағат және әшекей бұйымдардың болмауы. Медициналық 
қызметкер әрбір науқасты қарар алдында, іс-шараның алдында және аяғында, бөлмені 
ағымды жинастырудан кейін, киімін ауыстырғаннан кейін, әжетханаға барғаннан кейін 
және т.б. қолын жууға міндетті [6, 29, 32].
Қол деконтаминациясының мақсаты
:
 
1 – ыдырау өнімдерін және микроорганизмдерді жою; 
2 – пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
3 – жеке гигиенаның және тазалықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету; 
4 – микроорганизмдердің өсіп- өнуін тоқтату. 
Медициналық персонал әр науқасты тексерер алдында, емшараны орындағанға дейін 
және орындағаннан кейін, бөлмені тазалағаннан кейін, іш – киімді ауыстырғанда, 
әжетханадан соң және т.б. кезде қолды жууға тиіс.
Қолдың деконтаминациясының үш деңгейін белгілейді: әлеуметтік, гигиеналық, 
хирургиялық. 

Әлеуметтік деңгей
(қолдың әдеттегі жууы) – аз ластанған қолды сумен 
немесе сабынмен жуу (зарарсыздан-дырғыштар қолданылмайды) терідегі көп мөлшердегі 
транзиторлы микроорганизмдерді жояды. Қолды әлеуметтік өңдеу тамақты пайдаланар 
алдында, әжетханадан соң, наусқасты тексерерде және тексеріп болғаннан соң, қол 
ластанғаннан соң өткізіледі. 
Қолды өңдеудің ережелері.
Қолдағы барлық әшекейлерді, сағатты шешу керек, 
себебі олар қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Қолдар 
сабынданады, кейін жылы ағынды сумен шайылады және барлығы қайта қайталанады. 
Қолды бірінші рет сабындағанда немесе жылы сумен шайған кезде қолдың терісіндегі 
микроорганизмдер жойылады. Жылы суды пайдаланған-да немесе қолды ысқылағанда тері 
ашылады, сол үшін қайталап сабындаған және шайған кезде ашылған терідегі 
микроорганизмдер жуылады. Жылы су сабынның аса тиімді әсер етуіне көмектеседі, сол 
сияқты ыстық су қолдың бетінен қорғаныстық майдың қабатын жояды. Осыған байланысты 
қолды жуу үшін ыстық суды пайдаланбаған дұрыс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет