С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Педикулезге қарсы жиынтыққа кіретін заттар



Pdf көрінісі
бет114/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Педикулезге қарсы жиынтыққа кіретін заттар
1) науқастың киімін жинауға арналған клеенкадан немесе мақтадан істелген қаптар;
2) шашты өртеуге немесе залалсыздандыруға арналған астауша немесе мырыштан 
істелген шелек;
3) клеенкалы жамылғы;
4) резиналы қолғап;
5) қайшылар;
6) тісі жиі тарақ (темірден істелген);
7) шашты қысқартатын машинка; 
8) спиртпен жанатын шам;
9) орамал;
10) мақта;
11) асханалықсірке суынемесе 5-10% сірке қышқыл;
12)биттерді жоюға арналған препарат;
13) киімдерді дезинсекцялауға арналған препарат;
14) бөлмені дезинсекцялауға арналған препарат;
15) үлкейткіш әйнек.
Шараның орындалуы: 
1.
Науқасқа педикулез бар екенін айту, өңдеуге келісімін алу. 
2.
Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды 
дайындау және қорғаныс киімін кию. 
3.
Орындыққа (кушетка) клеенканы төсеу, оған науқасты отырғызу және иығын 
полиэтиленді жаялықпен жабу. 
4.
Қажет болса, дайындаған легенге шашын қию. 
5.
Шашын дезинсектицид ерітіндісімен өңдеу, басын полиэтиленді орамалмен, 
оның үстіне сүлгі жауып, біраз уақытқа қалдырады.
6.
Басындағы орамалды шешіп, алдымен жылы ағынды сумен, сосын 
сусабынмен жуады. 
7.
Сүлгімен шашын құрғатқан соң, жылытылған 6% уксус қышқылы 
ерітіндісімен өңдейді.
8.
Қайтадан басын полиэтиленді орамалмен, үстінен сүлгімен жауып, 20 
минутқа қалдырады.
9.
Басындағы орамалды шешеді және жылы ағынды сумен шайып, сүлгімен 
құрғатады.
10.
Науқастың басын ақ қағаздың үстіне еңкейтеді және жиі тісті тарақпен 
шашын тарап, қайтадан науқастың шашын тексереді. 
11.
Қиылған шаштар мен қағазды легенге өртейді. 
12.
Науқастың киімін және мейірбикенің қорғаныс киімдерін кленкалы қапқа 
салып, дезинфекциялық камераға жібереді. Тарақ пен қайшыны 70% спиртпен, бөлмені-
дезинсектицид ерітіндісімен өңдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет