133
Күтім бойынша іс-шаралар көлемі ауру ағымынан, ауырлығынан, науқастың жастық-
жыныстық айырмашылығынан, психикасынан және басқада факторларға байланысты
болады, сонымен қатар күтімді орындау тәсілдері нақты науқасқа ғана арналуы қажет.
Күтім шарттары:
•
Қауіпсіздік (науқас жарақатының алдын алу)
•
Құпиялылық
•
Науқас сезім абыройын сыйлау (науқас келісімі, оңашалануды қамтамасыз ету)
•
Науқаспен және оның отбасы туыстарымен тиімді қатынасу
•
Науқас дербестігін мадақтау
•
Жұқпалы аурулар қауіпсіздігі
Ауруханада науқас күтімін мейірбике жүзеге асырады, кейбір жағдайда кіші
медициналық қызметкер немесе науқас туысыда қатысады. Науқас денсаулығына жауапты
ретінде дәрігер күтімнің бар қыр-сырын білуі тиіс.
Науқас күтімінің негізгі екі бағытын анықтайды: жалпы күтім және арнайы күтім.
Жалпы күтім ауру түріне байланысты емес және қорғау режиміне, науқас психикасын
қорғау, аяу шарттарына сәйкес құралады. Оған бөлменің санитарлы тәртібін сақтауды,
науқасқа ыңғайлы жағдай жасауды (жайлы төсек), гигиеналық тазалықты орындауды
(науқас киімімен, төсек жаймасын ауыстыруға, туалетті жүзеге асыруға, термометрияда,
тамақтануда, физиологиялық қажеттіліктерін атқаруда көмектесу және т.б.), науқас
жағдайының өзгерістерін бақылауды, сонымен қатар, асқыныстардың алдын алу іс-
шараларын жүргізуді талап етеді.
Арнайы күтім – тек нақты бір ауруларда жүргізілетін күтімнің арнайы іс-шаралары –
хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы ауруларда және т.б. Мысалы, науқасты
урографияға немесе басқа рентгенологиялық зерттеу әдістеріне дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: