13
Медициналық-сантиралы бөлім
– өндірістік мекемелерде жұмысшыларға және
олардың отбасыларына медициналық көмек көрсету, цехтік учаскелік принцип бойынша
өндірістік мекемеге тіркелген жұмысшыға қызмет көрсететін
амбулаторлы типті емдеу
алдын-алу мекемесі. Медициналық-санитарлық бөлімде емханадағыдай негізгі мамандық
дәрігерлері және кәсіби ақаулары бойынша мамандар қызмет етеді.
Медициналық-санитарлық бөлім құрамына емханадан басқа стационар,
денсаулық
пункті, профилакториялар, шипажайлар, балаларды сауықтыруға арналған лагерьлер және
т.б. кіретін комплексті емдік-алдын-алу мекеме.
Медициналық-сантиарлық бөлімнің мақсаты жұмыс үдерісімен байланысты
аурулардың
алдын-алу, алғашқы көмек көрсету және науқастарды емдеу. Аймақтық
(цехтік) дәрігер мен мейірбике жұмыс орнындағы қызметкерлер
мен жұмысшылардың
еңбек шарттарын зерттейді, кәсіби зияндылықтарды анықтап, өндірістік жұмысшылардың
еңбек шарттарымен тұрмысын жақсартуға және өнеркәсіп жұмысшыларының өндірістік
жарақат алуды болдырмауға бағытталған алдын-алу іс-шаралар комплексін ұйымдастыруға
қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: