С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Гастростома, илеостома арқылы науқасты тамақтандыру



Pdf көрінісі
бет147/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Гастростома, илеостома арқылы науқасты тамақтандыру 
Гастростома –асқазанды сыртқы ортамен жалғастыратын іштің алдыңғы 
қабырғасынан шығып тұратын жасанды тесік жасау (оперативті жолмен орындалады). 
Гастростома өңештің өзегі ісікпен немесе күйікпен тарылғанда, яғни өңеш өткізгіштігі 
бұзылғанда науқастың өмірін сақтау мақсатында салынады (сур. 86 а, б, в).


185 


186 
Сурет 86 
Науқасты тамақтандыру 
а, б, в – гастростома арқылы, г – илестома арқылы 
Илеостомия – мықын ішекке (ащы ішекке) салынатын хирургиялық стома (сур. 86 г). 
Жабдықтар: зарарсыздандырылған шыны оймақ, зарарсыздандырылған салфеткалар, 
қысқыш, тамақ қоспасы, қолғап, Б тобының қалдықтарын салуға арналған ыдыс.
Емшараны орындау: 
1.
Пациентті жоғарғы Фаулер қалпына жатқызу 
2.
Қолды жуу, қолғап кию. 
3.
Тамақты дайындау. 
4.
Қысқышты резеңкелі түтіктен шешу 
5.
Резеңкелі түтікшенің тесігіне шыны оймақты жалғау. 
6.
Оймаққа тамақты құйып науқасты тамақтандыру. 
7.
Аз мөлшерден үгітілген тамақты немесе арнайы қоспаны асқазанға енгізу. 
8.
Тамақты енгізіп болған соң судың шамалы мөлшерін енгізу. 
9.
Зондтың дистальды ұшына қысқышты салу және оны пациенттің киіміне 
бекіту. 
10.
Оймақты шешу және оны залалсыздандыру. 
11.
Ауызды шаю үшін ыдыспен су және астауша беру. 
12.
Қолғапты шешіп, қолды жуу.
Парентеральды тамақтандыру 
Парентеральды тамақтандыру – асқазан –ішек жолдарынан тыс көктамырға 
тамшылап енгізу арқылы ағзаға қоректік заттарды енгізу әдісі (сурет 87).
Сурет 87 
Парентеральды тамақтандыру 
Парентеральды тамақтандыру ауыз арқылы тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда 
тағайындалады. Парентеральды тамақтандыру ісік үдерісінен асқорыту жолдарының 


187 
өтімсіздігі, өңешке, асқазанға, ішекке жасалған операциядан кейін, қатты жүдеуде, кома 
жағдайында тағайындалады
Ағзада қоректік заттармен қоректендірудің кез келген парентеральды түрі бірнеше 
принцптерге сәйкес келуі тиіс:

парентеральды тамақтандыруды өз уақытында бастау қажет. 

парентеральды тамақтандыру үздіксіз, тіпті трофикалық қызметтің өздігінен толық 
қалыпына келгенге дейін жүзеге асырылуы тиіс. 

барлық компоненттердің көлемі бойынша, энергиялық құндылығы бойынша сәйкес 
келуі тиіс. 
Парентеральды тамақтандырудың 3 түрі белгілі: 

Толық парентеральды тамақтандыру кезінде барлық қоректік заттар ағзаға қажетті 
мөлшерде тамыр жүйесіне енеді (науқас тіпті су да ішпейді);

Жартылай (толық емес) парентеральды тамақтандыру кезінде негізгі қоректік заттар 
(мысалы, ақуыздар және көмірсулар) зат алмасудың уақытша бұзылыстарына байланысты 
мәселелер кезінде енгізіледі, бұл жағдайда энтеральды тамақтандыру жартылай 
сақталынады.

Қосымша парентеральды тамақтандыру энтеральды тамақтандыру жеткіліксіз 
болған жағдайда қосымша ретінде беріледі.
Парентеральды тамақтандыруға қоректік заттар жасушаға адекватты метаболитті 
мүмкіндік түрінде беріледі: ақуыздар аминқышқылдары қоспасы ретінде (ақуыз 
гидролизаты, Аминоплазмаль Е, Вамин, Полиамин, Альвезин және т.б.), майлар жіңішке 
тұрақты эмульсия ретінде (Липофундин, Интралипид, Липовеноз), көмірсулар
моносахаридтер түрінде (глюкоза 10%, 20%, 40%). Парентеральды тамақтандыру қолдың 
кез келген шеткері тамырлары арқылы енгізіледі. Дегенмен, бұғана асты көктамырына 
енгізілген катетер арқылы жіберген ыңғайлы, себебі асқыныстардың даму мүмкіндігін 
алдын-алады (флебит және тромбофлебиттер). Егер көктамырға трансфузия жүргузе 
мүмкін болмаса қоректік заттарды сүйек ішіне (мықын, табан) енгізуге болады.
Қоректік заттарды енгізуді инсулин қосылған глюкоза ерітіндісінен бастаған дұрыс
(глюкозаның 4-5 г құрғақ ұнтағына1 ед.инсулин). 200-300 мл глюкоза инфузиясынан кейін 
амин қышқылы препарараттарын немесе ақуызды гидролизат енгізіледі. Одан әрі 
аминқышқылы қоспасы немесе ақуыз гидролизаты және 30% глюкоза минутына 40 тамшы 
жылдамдықпен енгізіледі.
Май эмульсияларын аминқышқылдары және гидролизатпен бірге құюға рұқсат 
етіледі. Оларды электролиттермен бірге құюға болмайды, себебі май эмболиясының даму 
қаупін тудырады және май бөлшектері үлкейеді. Май эмболиясын енгізу жылдамдығы 
алғашқыда минутына 10 тамшыдан аспауы тиіс. Реакция байқалмаған жағдайда 
жылдамдықты минутына 20-30 тамшыға жоғарлатуға болады. Әрбір 500 мл май 
эмульсиясына 5000 ЕД гепарин қосылады.
Парентеральды тамақтандыруды уақытында реттеу үшін тиімді тамақтандыруды 
бағалаудың клиникалық әдісі қолданылады:
1) дене салмағы (өлшену);
2) орталық вена қысымы;
3) сағаттық диурез;
4) қан қысымы, пульс;
5) науқастың жалпы жағдайы.


188 
Парентеральды тамақтандыруға қарсы көрсеткіш бүйрек жеткіліксіздігі, жедел және 
созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболиялар, ағзаның гипергидротациясы, қан 
айналым жеткіліксіздігі.
Парентеральды тамақтандыруды жағдайы ауыр науқастарға дұрыс жүргізу- ақуыз, 
көмірсу, май, су-электролит, дәрумен алмасуды және қышқыл-сілті тепе-теңдігіне 
қатысатын ағзаны тамақтық заттармен қоректендірудің бір ғана жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет