С. Н. Саденова А. Ж. Мукантаева


-тақырып. Баға белгілеудің теориялық негіздері



бет3/9
Дата19.02.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10647
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-тақырып. Баға белгілеудің теориялық негіздері


Бос, монополисттік бәсекелестіктегі, олигополия мен монополия нарығындағы баға белгілеу ерекшеліктері.

Баға белгілеу үрдісі: әдістемесі, маңызы. Нарықтық баға белгілеу шарттарындағы кәсіпорын: баға белгілеу бойынша жұмысты ұйымдастыру мен реттеу.

Бақылау түрі: конспект.
2-тақырып. Баға жүйесі және оның классификациясы

Тауар қозғалысы кезеңдеріне қатысты баға құрылымы: кәсіпорынның көтерме бағасы, өнеркәсіптің көтерме бағасы, бөлшектік баға. Есептік, басылым бағалары.

Бақылау түрі: конспект.
3-тақырып. Баға деңгейіне әсер ететін факторы

Баға мен тұтынушының сатып алынған заттарының арасындағы байланыс. Баға туралы шешім қабылдау кезінде икемділіктің ролі. Бағалық және бағалық емес бәсекелестік. Бағаларды мемлекеттік реттеу.

Бақылау түрі: конспект.
4-тақырып. Баға белгілеу әдістері

Бәсекелестікке бағытталған әдістер: көшбасшы артынан еру әдістері, тендерлік әдіс. Әр әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану шарттары.

Бақылау түрі: конспект.
5-тақырып. Баға саясаты және баға стратегиясын таңдау

Баға саясаты және фирманың бағалық стратегиясы. Бағалық стратегияны әзірлеу кезеңдері. Қазіргі заманғы бағалық стратегиялардың түрлері және оларды жүзеге асырудың нәтижелері.

Бақылау түрі: конспект.
6-тақырып. Баға белгілеу тактикасы

Инфляция шарттарында баға белгілеу. Баға стратегиясының негізденген кезіндегі инфляциялық тосуды бағалаудың ролі. Инфляцияны сипаттайтын көрсеткіштер.

Бақылау түрі: конспект.
7-тақырып. Маңызды салалық кешенінің өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері

Жанармай -энергетикалық, металлургиялық, машинажасау, көлік кешенінде баға белгілеу. Агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде баға белгілеуа: баға жүйесі, бос сатып алу бағалары.

Бақылау түрі: конспект.
8-тақырып. Дүниежүзілік бағалар және оларды құрудың механизмі

Дүниежүзілік бағаларды құрудың негіз құрушы факторлары: өндіріс шығындары және айналымдар, сұраныс пен ұсыныс арсындағы қатынас және олардың баға белгілеудегі реттеуші ролі.

Бақылау түрі: конспект.
9-тақырып. Сыртқы сауда бағалары

Экспорттаушы және импорттаушы тауарларға бағаларды құру ережелері. Сыртқы сауда бағалары және олардың бағаға көліктік және жеткізу бойынша басқа да шығындарға қатысты классификациялау.

Бақылау түрі: конспект.
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы беру мерзімі

Тапсыру мерзімі

Бақылау түрі

1-сабақта

Барлығы

1 рейтинг

Дәріске қатысу және дайындалу

8

48

1-сабақта

Кесте бойынша

Қатысу

СӨЖ тапсырмаларын тапсыру




52

Бекіту сессиясында

Негізгі сессияға дейін

Қорғау

Барлығы




100










2 рейтинг

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

7

42

1-сабақта

Кесте бойынша

Қатысу

Жеке тапсырмаларды орындау




58

Бекіту сессиясында

Негізгі сессияға дейін

Қорғау

Барлығы




100










Курстың саясаты
Оқу үрдісіне қатысу – бұл сабаққа қатысу, сабақта белсенді болу, орындалған жұмыстар мен үй тапсырмаларын уақытында орындап, тапсыру. Сабаққа кешікпеу керек. Сабақтағы тәртіп ережелерін бұзғандар жазаланады.

Сабаққа қатыспағандары үшін төмендегідей айыптық санкциялар қолданылады:

- дәріс сабақта себепсіз қатыспағандары үшін – 1 балға төмендетіледі;

- үй тапсырмасын уақытында тапсырмағандары үшін - 1 балға төмен бағаланады;.

- тәжірибелік сабақты уақытында қорғалмағаны үшін - 1 балл төмендетіледі.

Барлық аудиторлық уақыт дәріс пен тәжірибе сабақтарына бөлінген. Әр сабаққа міндетті түрде дайындалу керек. Дайындықтарыңыз бақылау жұмыстарымен, сұрақтармен тексеріледі. Барлық тапсырмалар бекітілген мерзімге сәйкес орындалуы керек.

Емтиханда немесе жазбаша жұмыстарды орындаған кезде көшіруге тыйым салынады. Егер сіз белгілі бір себептерге байланысты бақылауға қатыспасаңыз, онда сізге келесі сабақтың басында тапсыруға мүмкіншілік беріледі.

Семестрде екі межелік бақылау жүргізіледі. Олар бақылау жұмысы түрінде өткізіледі. Межелік бақылау өткен блок мағұлыматтарына сәйкес өткізіледі.

Қорытынды бақылау емтихан тест түрінде жүргізіледі. Тест тапсырмаларының әрбір нұсқасы 20 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап 5 балмен бағаланады.

Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Пән бойынша межелік бақылауға ағымдағы үлгерімдері (АҮ) бойынша балдары бар студентер жіберіледі.

Ағымдағы үлгерім және межелік бақылау бағалау нәтижесі арқылы пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады


Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.
Егер де студент межелік бақылау өтпесе немесе межелік бақылау бойынша 50 балдан төмен алса, онда рейтинг анықталмайды.

Семестр үшін пән бойынша студенттің жіберілу рейтингісінің бағасы тең

ЖР=(Р1+Р2)/2.
Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындау және тапсыру) және жіберу рейтингісін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі жіберілу рейтингі мен қорытынды бақылау, олардың үлес салмақтарын (ЖРҮС және ҚБҮС) ескере отырып, бағаларынан тұратын қорытынды бағамен (Қ) анықталады


Қ=ЖР*ЖРҮС+ҚБ*ҚБҮС.
Үлес салмақтар жыл сайын оқу кеңесімен бекітіледі және жіберілу рейтингісі үшін 0,6 кем емес, ал қорытынды бақылау үшін 0,4 көп емес болуы қажет.

Студент жіберілу рейтингі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң бағаларға ие болған жағдайда ғана пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Қорытынды бақылауға негіссіз себеппен келмеу «қанағатанарлықсыз» бағаға теңеледі. Пән бойыша аралық аттестациялау мен емтиханның нәтижелері студенттерге тапсырылған күні немесе, егер жазбаша емтихан күннің екніші жартысында өткізілсе, келесі күні айтылады.


2 Тәжірибелік сабақтардың жоспары
Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – теориялық материалдарды нығайту, сонымен қатар кәсіпорында баға белгілеумен қатысты болған мәселелерді шешу, дағдылық пен ептілікті қалыптастыру. Тәжірибелік сабақ тек қана мәселені шешуді ғана емес, сонымен қатар іскерлік ойындарды жүргізуде және мәселелерді шешу кезінде студенттерге не көмек көрсететін, оларды дағадылық қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір сабақ сәйкес келетін тақырыптарға студенттердің дайындығын сұрау және тексеруден басталады. Ол ауызша немесе тест түрінде болады. Оқытушы нұсқауымен студенттерге өздік жұмыс ретінде жеке тапсырмалар беріледі.

Дәрістік сабақтың тәжірибелік тапсырмаларын орындау, тәжірибелік сабақтың жүргізілу жоспары келесідей болады:



  1. қарастырылып отырған тақырыптың негізгі сұраулары бойынша студенттерден мини-сұраулар жүргізу;

  2. тәжірибелік сабаққа тапсырма беру;

  3. тапсырманың орындалуы;

  4. тапсырманы орындалғаннан кейін қорғау;

  5. кейбір жағдайларда үй жұмысына келесі тәжірибелік сабаққа тапсырмалар беру қажеттілігі.

Оқытушы тәжірибелік сабақты жүргізуде студенттердің рефераттемалары бойынша дайындығын және жоспар тапсырмаларын келесідей талқылауы мүмкін:

1) доклад тақырыбының қысқыша тезисті мазмұны арқылы;

2) мәселелерді талқылау;

3) реферат тақырыптары бойынша конспекттерді тексеру.

Тәжірибелік сабақтың тапсырмалары ағымдағы бақылаудың материалдары болып табылады.

Тәжірибелік сабақты іске асырудың барысында тәжірибелік тапсырмалардың мәселесін шешу ағымдағы бақылаудың материалдары болып есептеледі.

Тәжірибелік сабақтың барысында студенттердің рефераттар тақырыптарына дайындығын тексеруде ағымдағы бақылаудың реферат тақырыптарының конспектілері болып саналады.

Студент тәжірибелік сабақ басталу алдында міндетті:

- сабақ тақырыбына сәйкес келетін дәрістік материалдарды және ұсынылған әдебиеттерді оқу;

- өзіндік жұмысқа берілген тапсырманы орындау.

Тәжірибелік тапсырма толық орындалған түрде тексерілуі үшін мұғалімге беріледі. Тәжірибелік тапсырма тапсырма шарттарын, есепті шешуде қолданылатын формулалар мен орындалған есептің мазмұнын, қорытындысын өз ішіне алады.

Студенттің есепті шығарудағы нәтижелік қорытындысы қорғау үшін ұсынылады.




Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет