1-тақырып. Баға белгілеудің теориялық негіздері
Сабақтың мақсаты:
бағаның мәнін толық түрде студенттерге қалыптастыру;
аналитикалық ойлауда ептілікті машықтандыру;
бағаның мәні туралы жаңа ақпараттарды қабылдау, және дағдыны дамытуда ұсынысты қалыптастыру;
группамен жұмыстық дағдыны игеру.
Сабақтың жоспары:
1) теориялық сұрақтарға жауап беру:
- бағаның мәні, түсүнігі;
- баға белгілеудің мақсаттары мен принциптері;
- бағаның негізгі қызметтері;
2) 1-2 тапсырманы орындау;
3) 1,2,3 жағдайларды группамен талқылау.
1-тапсырма
Экономикалық категория ретінде бағаның мәні неде? «Бағаға анықтама беріңіз. «Баға – бұл ...». Оқудың әдістемесі: топпен жұмыс істеу. Әрбір топ жалпы бірдей тапсырма алып, бағаның кәсіпорындағы, мемлекеттегі, тұтынушылардағы, бәсекелестердегі позициясы түсінігіне анықтама береді. Топ ішінде талқылаудан кейін әрбір топтың өкілі талқылауға қорытынды жасайды және жалпы группа бағаның мәні, түсінігі талқыланады.
2-тапсырма
Нарықтағы еркін бәсекелестіктің және монополияның қалыптасуындағы бағаның ерекшеліктері. Жағдай аудиторияда талдауға арналған.
Жағдай 1
Таза монополист өз тауарының бағасына шексіз жоғарылатуы мүмкін – өйткені ол сол саладағы жалғыз өндіруші. Сұраныс қисығы оның тауарына – икемді емес. Сіз осы мақұлдамамен келісесіз бе?
Жағдай 2
Өнімнің бір бірлігіне баға басында 2800 теңге болды, кейін 2100 теңгеге дейін төмендеді. Фирманың табысы азайды. Баға кейін 1750 теңге болды, соңында баға 1400 теңгеге дейін төмендеді. Баға төмендеу кезінде фирма өнімін ұзақ уақыт шығаруға міндетті ме?
Жағдай 3
Өндіруші өз өнімінің базасына әсер ете алмайды делік, нарықта баға 1000 теңгеге тең. Өнім шығарудың көлемі өсіруде, әрбір бір бұйым үшін жалпы шығындары 600 теңгеге жетті. Сіз оған қандай кеңес берер едіңіз?
2-тақырып. Баға жүйесі және оның классификациясы
Сабақтың мақсаты: көтерме, жіберілу, жеке және көтерме-жіберілу бағасын есептеудің әдістерін игеру.
Сабақтың жоспары:
1) бағаның құрлымының элементтерін анықтау, бағаның құрлымы;
2) 1-8 тапсырманы орындау;
Әдістемесі: жеке жұмыс, интерактивті талқылау.
1-есеп
Өнімің бірлігі үшін негізгі көрсеткіштер өнімнің жіберілу бағасын анықтау:
1) кәсіпорынның өнім бірлігі үшін шикізат және матреиалдар құны 12600 теңгені құрайды. Соның ішінде ҚҚС -2100 теңге;
2) кәсіпорынның өндірістік шығындары (еңбек ақы, әлеуметтік қажеттіліктерге ақша бөлу амортизация) – 8400 теңге;
3) өндірістің рентабелділігі – 25 %;
4) қосымша қосылған салыққа белгіленген мөлшер – 16 %№
2-есеп
Өнімнің бірлігі үшін негізігі көрсеткіштер жағдайында өнімнің жіберілу бағасын анықтау керек:
1) таза табиғи 1 литр шараптың толық өзіндік құны – 560 теңге;
2) өндірістің рентабелділігі – 23 %;
3) қосымша қосылған салыққа белгіленген мөлшер – 16 %.
3-есеп
Өнімнің бірлігі үшін негізігі көрсеткіштер жағдайында өнімнің жіберілу бағасын анықтау керек:
1) жеңіл автомобильдің толық өзіндік құны – 17600 мың теңге;
2) өндірістің рентабелділігі – 24 %;
3) акциз мөлшері – 5 %;
4) қосымша қосылған салыққа белгіленген мөлшер – 20 %
4-есеп
Өнімнің өзіндік құны 500000 теңгені құрайды, қолайлы рентабельділігі – 30 %, акциздің белгіленген мөлшері 10 %, ҚҚС мөлшері 20 %. Бағаның толық жіберілу құрлымын анықтаңыз.
5-есеп
Тауар шығаруда әр бірлік үшін өзіндік құны 4000 теңгеге тең, минимальды өндіруші үшін рентабельдік қолайлығы – 20 %. Тауардың жіберілу бағасын анықтаңыз?
6-есеп
Өнімнің бірлігінің өзіндік құны 200 теңгені құрайды, өндіруші үшін рентабелділігі қолайлығы – 20 %, акциз мөлшері – 30 %, сауда үстемесі – 15 %, ҚҚС мөлшері – 20 %. Бөлшек бағаның деңгейі қандай?
7-есеп
Бірлік өнімнің өзіндік құны 150 теңгені құрайды, қолайлы рентабельділік деңгейі – 10 %, ҚҚС – 14 %, бөлшек бағаның максималды мүмкін деңгейі – 200 теңге. Сауда үстемесінің %-ы қандай?
8-есеп
Жіберілу бағасының құрлымы қандай, егер оның ҚҚС мен деңгейі 800 тн, ҚҚС мөлшерімен 20% өзіндік құны 500 теңге болғанда?
9-есеп
Егер жіберілу құны ҚҚС –сыз 900 теңге , ҚҚС мөлшері – 20 %. Өзіндік құны 600 теңге болса, өнімнің рентабелділігі қандай болады?
10-есеп
Бірлік өнімнің өзіндік құны 499 мың теңгені құрайды, жіберілу құны ҚҚС-сыз 790 теңге, ҚҚС мөлшері – 20 %. Еркін жіберілу бағасының толық құрлымын тап?
Әдістемелік нұсқау:
Бөлшек көтерме жіберілу бағаларын базалық құрылымын қалыптастыру, тауарқозғалысы кезіндегі бағаны есептеудің әдістері
Осылайша кәсіпорын көтерме бағаны мына формуламен (1) есептейді:
мұнда КБ – көтерме баға
ӨҚ – өнім бірлігінің толық өзіндік құны
Р – пайда, рентабельдік нормасы
Кәсіпорын өндіруші жіберілу бағасын мына формуламен (2) есептейді:
мұндағы Жб – жіберілу бағасы
КБ – көтерме баға
А – акциз мөлшері
ҚҚС – қосымша қосылған салық
Бөлшек немесе жеке баға мына формуламен (3) есептеледі:
мұндағы Бб – бөлщек баға
Жб – жіберілу бағасы
Бжсаб – басқа жабдықтаушының сатып алу бағасы.
3-тақырып. Баға деңгейіне әсер ететін факторы
Сабақтың мақсаты:
теориялық білімдерді нығайту және өзіндік құнды қалыптастыруды тәжірибелік дағдылар алу;
кәсіпорынның шығындар құрлымын анықтау;
ҚР-дағы ұйымдарда баға белгілеуді қарастыру және мемлекетпен баға реттелуі;
Сабақтың жоспары:
1) теориялық сұрақтарға жауап беру:
- бағаның өзгеруі және қалыптасуына сатып алушылардың әсері;
- бағалық және бағалық емес бәсекелестер түсінігі;
- өзіндік құнның анықтамасы, шығындар классификациясы;
- тауар арналарын қатысушылар олардың баға өзгеруіне әсері;
2) 1,2 тапсырмаларды орындау
1-тапсырма. Есепті шешіңіз
Әдістемесі: жеке жұмыс
1-есеп
Кәсіпорында өнімнің бірлігіне шығындары, мың теңгені құрайды:
1) шикізат және материалдарға – 43,74;
2) көмекші материалдарға – 3,79;
3) энергия үшін шығындарға – 5,69;
4) өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысына – 38,2;
5) үстеме шығындарға – 28,1
Рентабельділік көрсеткіші (өзіндік құнына) 31,35 % құрайды, кәсіпорын өндірісіндегі толық өзіндік құнды есептеу керек. Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп қарстырыңыз.
2-есеп
Кәсіпорында өндіруші қол қойған келісім-шартта баға -10000 тн құрайды, оның 35 % -материалдар құны, 27 % - еңбек ақы, басқа да шығындар – 18 %, пайда 20% құрайды деп жоспарланған.
Қолданылатын материалдардың құны 12 %-ке өсті және орташа еңбек ақы 10 %-ға өсетін болса, бағағ қандай әсерін тигізеді?
3-есеп
1-кесте – Акционерлік қоғамдарға кіретін А және В кәсіпорнындарының жарты жылдық нәтижелері
Көрсеткіштер
|
кәсіпорын «А»
|
кәсіпорын «В»
|
Тауар шығарылуының көлемі, мың теңге
|
2500
|
3900
|
Тауардың шығарылуының өзіндік толық құны, мың теңге
|
2000
|
3000
|
- тұрақты шығындар
|
600
|
1800
|
- өзгермелі шығындар
|
1400
|
1200
|
Кәсіпорынның шығындарының бағасын табыңыз, егер саладағы орташа пайда нормасы 25% құрайтын болса.
4-есеп
2-кесте – Бұйымның өзіндік құнының көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Соммасы
|
1 Шикізат пен материал
|
1050
|
2 Еңбек ақыдан бөлінетін төлемдер
|
350
|
3 Технологиялық қажеттіліктерге жанармай мен энергия
|
60
|
4 Сапасыз өнімге кететін шығындар
|
25
|
5 Жжалпы зауыттың шығындары
|
280
|
6 Кәсіпорынның ішкі шығындары
|
40
|
Бұйымның толық өзіндік құны к/о өндірушінің пайдасынан - 35 % болып табылады. Шикізат пен материалдарға үнемділік 5 % және еңбек ақы 10 %-ға өссе олардың бұйым бағасына әсері қандай болады?
5-есеп
3-кестедегі бөліп көрсетілген шығындарды «+» таңбасымен көрсетіңіз (тура, жанама, тұарқты өзгермелі шығындар)
3-кесте
|
Жанама
|
Шығындар мәлметтері
|
Тұрақты
|
Өзгермелі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
Шикізат пен материал
|
|
|
|
|
Толықтырушы бұйымдар
|
|
|
3-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
Кәсіпорынның негізгі бұйымдарындағы амортизация станоктары
|
|
|
|
|
Өндірістегі жұмысшының негізгі еңбек ақысы
|
|
|
|
|
Аспаптарға майлар
|
|
|
|
|
Концеларлық қажеттіліктер
|
|
|
|
|
Жұмыскерлердің көмекші операциялар үшін еңбек ақысы
|
|
|
|
|
Транспорт құралдарының жалға алуы және сақтандырылуы
|
|
|
|
|
Жаңа бұйымдарды өндіруге жұмсалатын шығындар
|
|
|
|
|
Жылу үшін электроэнергия
|
|
|
|
|
Транспорттық шығындар
|
|
|
|
|
Цехтың шығындары
|
|
|
|
|
Жалпы зауыттың шығындары
|
|
|
2-тапсырма
Аудиторияда өзіндік дайындалу және талқылауға арналған сұрақтар:
1) Бағаның мемлекеттік реттелуі;
2) ҚР-дағы бағаның мемлекеттік саясаты, тура және жанама реттеулі;
3) ҚР-да баға белгілеу органдары және баға белгіледі ұйымдастыру;
4) Бағаны мемлекеттік тәртіппен бақылау.
4-тақырып. Баға белгілеу әдістері
Сабақтың мақсаты:
шығындарды қалыптастырғанда шешім қабылдау дағдыларын алу, баға белгілеу және белгіленген нақты бағаның әдістерін таңдау;
барлық қаржылық нәтижелерін қалыптастыратын және әртүрлі салықтардың түрлерін есептеуде тәжірибелік дағда алу.
Сабақтың жоспары:
Баға белгілеудің осы немесе басқа әдістерінің теориялық негіздерін қалыптастыру мүмкіндігін анықтау;
Әрбір әдістердің негізгі артықшылқтары мен кемшіліктерін анықтау;
1, 2 тапсырмаларды орындау.
4-кесте
Көрсеткіштер
|
Өнімнің түрі бойынша көрсеткіштер
|
А
|
В
|
С
|
Құны, теңге
|
300
|
200
|
550
|
Сату көлемі, бірлік
|
150
|
160
|
160
|
Тікелей шығындар, теңге
|
30000
|
24000
|
77000
|
5-есеп
Келесі мәліметтер бойынша өнімнің әрбір түрі бойынша көтерме бағаны анықтау керек:
өндіруге кететін тікелей шығындар А өніміне – 15240 ш.б., В өніміне – 8900 ш.б., ал С өніміне – 14500 ш.б.;
өнімнің барлық түрлеріне жанама шығындар 58350 ш.б. құрайды;
өнім түрлері бойынша рентабельдық нормасы: «А» – 12 %, «B» – 25 %, «С» – 13 %
6-есеп
Кәсіпорын 24000 үстелді данасына 500 ш.б. шығаруды көздейді. Оның тұрақты шығындары – 1752000 ш.б., өзгермелі шығындары – 3840000 ш.б. және жалпы табысы 9000000 ш.б. құрайды шығынсыздық нүктесіндегі табысты және үстелдердің минималды санын анықтау керек.
7-есеп
«Салют» фирмасы әйелдер пальтосын – 90000 ш.б. бағасымен сатуды көздеп отыр.
«Рассвет» және «Заря» фирмалары әйелдердің пальтосын 75000 ш.б. және 60000 ш.б. бағасымен сатады.
«Рассвет» фабрикасының өнімін эталон деп алып, «Салют» және «Заря» фабрикаларын бағалаңыз.
5-кестеде келтірілген параметрлердің қайсысы тұтынушылардың сол өнімді қалауына әсер ететінін таңдаңыз және оның тұтынушыға қандай мән беретінін пайызбен таразыланған индектер көмегімен бағалаңыз.
5-кесте
Параметрлері
|
Таразылық
индекс
|
Фирманың баллдары
|
«Салют»
|
«Рассвет»
|
«Заря»
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1 Сәнге сәйкестігі
|
30 %
|
10
|
5
|
6
|
2 Матаның сапасы
|
20 %
|
8
|
9
|
6
|
3 Фурнитураның сапасы
|
10 %
|
10
|
8
|
7
|
5-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
4 Жағасының сапасы
|
20 %
|
10
|
10
|
5
|
5 Ылғал өткізбейтін
түйменің болуы
|
10 %
|
10
|
-
|
-
|
6 Подкладтың сапасы
|
5 %
|
7
|
8
|
5
|
7 Тігіннің сапасы
|
5 %
|
5
|
6
|
8
|
Әрбір параметр әрбір фирма бойынша 10 балдық жүйемен берілген
|
100 %
|
Барлығы
|
8-есеп
Фирма қуаты 1400 кВт-қа тең жаңа шаңсорғышты шығаруды жоспалайды. Базалық шаңсорғыштың нарықтағы бағасы 10000 теңге, оның қуаты 1600 кВт-қа тең. Жаңа шаңсорғыштың бағасын қандай болуы керек?
5-тақырып. Баға саясаты және баға стратегиясын таңдау
Сабақтың мақсаты: шыққан ақпаратты талдауды үйрену, стартегиялық талдаудың нәтижесінде сыртқы орта мен ішкі ортаның әсер ету факторларын айқындап, фирма үшін бағалық стратегияны ойластыру.
Сабақтың жоспары:
бағалық стратегияны таңдаудың шарттарына сай түрлері мен қабылдау кезеңдерін қарастыру;
«Толық жеңіске дейінгі соғыс» кейсін қарастыру;
сұрақтарға жауап беру.
Әдістемесі: топпен жұмыс, интерактивті талқылау.
Кейс «Толық жеңіске дейінгі соғыс»
2001 жыл дистрибьютерлік шартты құру жылы.
«Картик» көтерме сауда фирмасы үшін 2000 қаржы жылы шығынмен аяқталды. Отандық сүт өнімдері саласындағы сауданың мамандануы қажетті табыс әкелген жоқ, оған сұраныстың төмендеуі мен өнімді өндіру мен өткізуге кететін шығындардың тез өсуі себеп болды. Сонымен қатар жабдықтарды жалға алу, складтық орындарға, қызметкерлердің жалақысы тұрақты төленіп тұрды. 2000 жылы фирманың өзіндік қаржысы 200000 АҚШ долларына дейін қысқарды.
«Картик» сары май мен сыр өндіруден әлемдік лидерімен «Жаңазелендиялық май өнімдері» (ЖМӨ) компаниясымен серіктестікке отырғаннан бастап, бұл жағдай 2001 жылдың қаңтарынан бастап өзгерді. «ЖМӨ» - жаңазеландиялық мемлекеттік компания – Қазақстан нарығына алғашқы қадамын 2001 жылы бастады соның ішінде көбінесе Алматы нарықтарында. Сауда стратегиясының өзгеруі үкіметаралық Қазақстанмен серіктестік туралы келісімге қол қойғаннан кейін басталды. Осы келісімге сәйкес «ЖМӨ» компаниясы Қазақстан нарығында өз белсенділігін артты. Компанияның жоспарына сауда көлемі жылына 8000 тонна май өткізу болды. Сонымен қатар сауданың 35% Алматы облысына бағытталды. Назар аударатын болсақ, Алматы нарығындағы импортталған сары майдың жылдық көлемі 6000 тоннаға тең еді, қабылданған шешім келешекте жақсы перспективаға ие болатын.
«ЖМӨ» көтерме сауда желісін жасау мақсатымен «Картик» фирмасымен дистрибьютерлік келісім шартқа отырды. Соңғысының басты мақсаты май өнімдерін Алматы облысы бойынша тарату еді, «ЖМӨ» өзі Қазақстанның қалған облыстарына таратуды көздеді, ол күшті теледидарлық жарнамалық компаниясымен жұмыс істеп, экологиялық тазалығы мен майдың өзгермейтін жоғары сапасын есепке ала отырды.
Дистрибьютерлік келісімге сәйкес «Картик» өзі «ЖМӨ»-ден алдымен кішігірім, содан үлкен партияларды көтерме бағамен стаып алып, оны Алматыдағы кішігірім көтерме сауда орталықтарына өткізуді бастады.
Қаңтарда сауда айналымының жылдамдығы 1,2 тең болды. Барлық табылған табыс салық пен жалақыны төлегеннен кейін өнімді сатып алу көлемін ұлғайтуға бағытталды. 2001 жылдың сауда айналымы теңге эквивалентімен 2400000 АҚШ долларын құрады. «Картиктің» қаржылық жағдайы уақыт өте келе жақсара бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |