С. Парпиев*, У. Омарова



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
1-сурет 
– Ирак күрділерінің сецессионистік 
қозғалысының алғы шарттары


42
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс (proctracted social conflict) ирак күрділері ...
Ирак күрділерінің сецессионистік қозға-
лы сының алғы шарттары
1. 
Ирак күрділерінің қоғамдық топ ретінде 
қалыптасуы
Белгілі күрдітанушы ғалым М. Гюнтердің 
берген мәліметіне орай, күрдтердің шығу тегі 
белгісіз, бірақ күрдтер Таяу Шығыста шамамен 
4000 жыл бұрын келген әртүрлі үнді-еуропалық 
тайпалардың ұрпақтары болуы мүмкін деп 
санайды. Араб халифаты мен исламдандыру дәуі-
рінде күрдтерге «таулықтар» немесе «күрдтер» 
атауы қолданыла бастады. 1500 жылдары 
күрділер қоныстанған аймақтар Осман империя-
сының құрамында болды. Ал, 1623-1639 жылы 
аралығында өткен Осман-Парсы империялары 
арасындағы соғыс 1639 жылы 17 мамырда 
«Зохаб келісімімен» аяқталып, «Зохаб келісімі» 
бойынша күрдтер қоныстанған аймақтар 
Осман және Парсы Сефевид империяларының 
құрамына енді. (Gunter, 2008:12) Бұл күрділердің 
тарихи қоныстану аймағы «Күрдістанның» 
алғашқы бөлінуі еді. 1920 жылы тамызда Ресей 
Империясы, Ұлыбритания Ирактың солтүс-
тігінде тәуелсіз Күрді мемлекетінің құрылуына 
кепілдік беретін Севр келісім-шартына қол 
қоюға Осман Империясының «мұрагері» ретінде 
мойындалған Түркия Республикасын мәжбүр 
етті. (Gunter, 2008:12) Алайда, Күрді мемлекетін 
құруды Италиядан басқа бірде-бір мемлекет 
қолдамағандықтан келісім-шарт іс жүзінде 
орындала қоймады. 
Ал, 1923 жылға қарай аймақтық деңгейде 
өз мәртебесін қайтарып алған Түркия Рес-
пуб ликасы сол жылдың 24 шілдесінде Швей-
царияның Лозанна қаласында өткен келіссөз – 
«Лозанна шартында» Күрд мемлекеті құрылмақ 
түгіл, автономиялық аудан ретінде қалыптасу 
ұсынысқа келісімін бермеді. (Gunter, 2008:13) 
Нәтижесінде, Осман Империясының құрамында 
болған тарихи «Күрдістан» аумағы Ұлыбритания 
Империясының Мандаты астында құрылған 
Ирак мемлекетінің, Франция Мандаты астында 
құрылған Сирия мемлекетінің және Түркия 
Республикасы аумақтарының құрамына кіріп, 
тағы үшке бөлінді. 
Күрділердің тарихи қоныстану аумағы болып 
табылатын Күрдістанның 4 бөлікке бөлінуі – 
күрділердің біртұтас ұлт ретінде дамуына үлкен 
кедергі болды. Бұл Түркия, Иран, Ирак, Сирия 
аумағында қалған күрділердің ұлт-азаттық немесе 
тәуелсіз мемлекет құруға қатысты бірыңғай 
идео логиялық бағытты қалыптастыруға, біртұ-
тас ұлт ретінде қозғалысты ұйымдастыруға 
кері әсерін тигізді. Нәтижесінде, күрділердің 
ұлттық қозғалысының фрагментациялануына, 
қозғалыстың әрі аумақта өздігінше дамуына 
алып келді. Ирак күрділерінің топ ретінде 
қалыптасуында жекелеген ұлт лидерлерінің 
рөлі басым. Бұл алғашында Қази Мұхаммед, 
кейіннен Барзан тайпасының жетекшісі Мұстафа 
Барзанидың есімімен тығыз байланысты.
1946 жылы сол кезеңдегі күрділер арасында 
ұлт-азаттық қозғалыстың рухани жетекшісі 
ретінде мойындалған Қази Мұхаммед Күрді-
лердің демократиялық партиясын (Partiya De
-
mokrat a Kurdistanê‎, Kurdistan Democratic Party) 
құрылғандығын жариялады. Қази Мұхаммед 
партия қол астына Кеңес Одағының қолдауымен 
Иран және Ирак күрділерінің басын біріктіре 
алды. Әсіресе, Ирак күрділерінің жетекшісі 
Мұстафа Барзани да Қази Мұхаммедтің жетек-
шілігі астында әрекет етті. Қази Мұхаммед 1946 
жылы 22 қаңтарда Иран және Ирак мемлекеттері 
шекаралық аумақтарында қоныстанған күрділер 
аймағы негізінде Махабад Республикасының 
құрылғандығын жариялады. Махабад Респуб ли-
касының құрылуына тікелей Кеңес Одағы қолдау 
жасады. Алайда, 1946 жылы 15 желтоқсанда 
Иран мемлекеттік армиясының республикасына 
басып кіруі мемлекеттің құлауына алып келді. 
Ал, Қази Мұхаммед тұтқынға алынып, соңында 
дарға асылды. (McDowall, 2004:291) 
Қази Мұхаммедтің өлімі Мұстафа Барзани-
дың Ирак күрділерінің ұлт-азаттық қозғалысы 
және Күрді демократиялық партиясының (


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет