С. Парпиев*, У. Омарова



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ирак күрділерінің адами негізгі қажет­
тіліктерінің қамтамасыз етілмеуі 
1) Бірегейлік сақтаудағы қажеттілік
1992 жылға дейін Ирак күрділерінің 
негізгі талабы олардың Ирак аумағындағы 
өзіндік ұлт ретінде сақталып қалуы, өз ұлт-
тық құн дылықтары мен мәдениетін сақтап 
қалуда болды. Себебі, 1930 жылдары Ирак 
Ұлы британия мандаты астында болған сәтте, 
Ұлы британия Ирак аумағындағы күрділерге 
өз мәдениеті мен ұлттылығын сақтап қалуға 


45
С. Парпиев, У. Омарова
мүмкіндік берді. Алайда, 1960-70 жылдардағы 
алдымен Касем, сосын Саддам Хусейін ре жи-
мінің «арабтандыру» саясаты ұлттың болмысы 
мен құндылықтарын жоғалтуға бағыт талды. 
Бұл ұлттық бірегейлік сақтап қалу қажет-
тілігін тудырды. Ұлттық бірегейлікке қатысты 
құндылықтарды сақтауға және дамытуға 
кедергі жасау, немесе жоюға бағытталған «ұлт-
тық тазалау» саясаты Ирак күрділерінің ұлт 
ретіндегі негізгі қажеттілігін қамтамасыз етпей, 
керісінше, ұлтаралық қақтығыстың өршуіне 
себепші болды. 
2) Экономикалық қажеттілік 
Ал, 1992 жылғы Саддам Хусейн режимінің 
халықаралық қауымдастық тарапынан айыпта-
луы, экономикалық блокадаға ұшырауы Ирак 
күрділеріне де өз әсерін тигізді. Саддам Хусейн 
режимі Ирак күрді автономиялық аумақты 
өз тарапынан экономикалық блокадаға алды. 
Ирак Үкіметі ИКАА-ға қатысты барлық 
қарым-қатынасты тоқтатты. ИКАА-ның өзді-
гінен халықаралық қауымдастық тарапынан 
гуманитарлық көмек алуына тура келді. Сонымен 
қатар, ИКАА АҚШ және оның одақтастары 
тарапынан экономикалық дамуда қолдау тапты. 
Америкалық және еуропалық компаниялары 
ИКАА аумағындағы энергетикалық пайдалы 
қазбаларды өңдеуге мүмкіндік алды. Осыған 
орай, ИКАА-дағы экономикалық сектор қайта 
жанданып, ИКАА мұнайды экспортқа шығаруға 
мүмкіндік алды. 
2005 жылы Ирак федеративтік мемлекет 
болып қалыптасқаннан кейін, Ирак феде-
ралды бюджетінің 17 % ИКАА-ға бөлінуі тиіс 
болып бекітілді. Оның үстіне, Ирак феде-
ралды Конституциясының 112-бабы ИКАА 
аумағындағы мұнай және табиғи қазба-бай-
лық тарды игеру жергілікті басқару инсти-
туттарының құзіретіне берілетіндігін меңзейді. 
Де-юре жағдаят осылай болғанымен, де-
факто Ирак Үкіметі Конституцияны осы 
бабын елемеді. ИКАА Ирактың федеративтік 
жүйесінің субъектісі болғандықтан жергілікті 
қазба-байлықтарды игеру мен одан түскен 
пайда сәйкесінше Ирак мемлекетіне тиесілі деп 
талап етті. (Hilterman, 2012) Ирак Үкіметі де, 
ИКАА да Ирак Күрдістан аумағындағы пайдалы 
қазбаларды біржақты барлау, өңдеу, өндіру 
және экспорттау ИКАА-ның алдағы уақытағы 
экономикалық қуаттылығы мен дербестігін 
күшейтетіндігін жақсы білді. Осыған байланысты 
екі тарап өз позицияларын күшейтуге ұмтылды 
– ИКАА Ирак үкіметінен экономикалық 
тәуел сіздігі мен пайдалы қазбалардан түскен 
пайданы өзінде сақтап қалуға; Ирак Үкіметі 
керісінше, пайдалы қазбалардың мемлекеттік 
қазынаға түсуін қадағалауға және шетелдік 
компаниялармен келіссөздерде Үкіметтің де 
қатысуын қамтамасыз етуге ұмтылды. 
2007 жылдан бастап Ирак Үкіметі ИКАА-
ға қатысты федералды бюджеттен қаржы 
бөлуді тоқтатты. Бұл саяси шешім екі тараптың 
арасын одан әрі алшақтатты. Керісінше, ИКАА-
ның дербестігі мен экономикалық дамуға 
қатысты өзіндік әрекеттерге баруға итер ме леді. 
Нәтижесінде 2012 жылға қарай мұнай өндіру 
саласындағы гигант саналатын ExxonMobil, 
Шеврон, Тотал және Газпром Нефть компа ния-
лары ИКАА аумағында барлау және мұнай өнді-
ру құзіретіне ие болып, ИКАА Үкіметімен тіке-
лей келісім-шартқа отырды. (Hilterman, 2012)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет