С. Парпиев*, У. Омарова



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қорытынды
Қорыта келгенде, Азардың ұзақ мерзімді 
қақтығыстар тұжырымының концепциялық 
элементтері Ирак күрділерінің сецессионистік 
қозғалысының ояну үдерісін түсіндіруге сәйкес 
бола алатындығын айтуға болады. 
Біріншіден, Ирак күрділерінің қоғамдық 
топ ретінде қалыптасуына жасалынған тари хи 
сараптауға сәйкес, Ирак күрділері ХХ ғасырдың 


48
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс (proctracted social conflict) ирак күрділері ...
басынан бастап, өзінің бірегейлігі мен ұлттық 
құндылықтарын сақтау мақсатында үздіксіз күрес 
жүргізіп келді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 
ирак күрділері саяси партиялар құра алды және 
саяси партиялардың астына Ирактағы әр түрлі 
тайпалардан құралған күрді қоғамын біріктіре 
алды. Ирактағы саяси-әлеуметтік өзгерістердің 
әр кезеңінде күрділік мүдде тұрғыдан қоғамдық 
интеграцияны сақтай алды. Ұлттық қоғамдық 
бірігушілік – ұлттық қозғалысты жүзеге асыруда 
шешуші рөл ойнайды. 
Екіншіден, Азар сипаттаған қоғамдық топтың 
мемлекеттегі адами негізгі қажеттіліктерінің 
қамтамасыз етілмеуі ұзақ мерзімді қақтығысқа 
алып келетіндігі жайлы концепциясы да Ирак 
күрділері мен Ирак мемлекеті арасындағы 
бітімі жоқ өзара жанжалдардың ұзақ мерзімге 
жалғасу үдерісін түсіндіре алады. Парсы 
шығанағы соғысынан кейінгі Ирак күрділерінің 
бірегейлікке қатысты өз ұлттылығын сақтап, да
-
муына мүмкіндік алғанымен, Пост-саддамдық 
кезеңдегі экономикалық-әлеуметтік және сая
-
си қақтығыстың ұзақ мерзімде жалғасуы және 
шешімінің табылуы соңында Ирак күрділерінің 
сецессионистік қозғалыс жасауына алып келді. 
Үшіншіден, Азар ұсынған ұзақ мерзімді 
қақтығыстар концепциясының элементі бас-
қару және мемлекеттің рөлі элементі де Ирак 
күрділері мен Ирак Үкіметі арасындағы 
қақтығыстардың ұзақ мерзімді болуын си
-
паттай алады. Касем және Саддам Хусейн 
режимі, араб-шииттік үстемділік кезеңдерінде 
де Ирак күрділері үздіксіз дискриминацияларға 
ұшырады. Тіпті, әскери қақтығыстарға дейін 
жалғасты. 2005 жылғы Ирактың федеративтік 
республикаға айналуы да елдегі қоғамды 3 топқа 
бөлінуіне алып келді. Үш топтың арасындағы 
өзара идеологиялық қарама-қайшылықтары
кей жағдайда жасаған зорлық-зомбылық, күш 
қолдану әрекеттері Ирак күрділері мен Үкімет 
арасындағы қақтығыстардың ұзақ мерзімге со
-
зылуына алып келді. Ирактағы мемлекеттік 
бас қару және саяси шешімдер қабылдау үдері-
сінен күрділердің оқшаулануы тағы да қайта-
ланды. Тіпті, 2005 жылғы Ирак Конституция-
сында бекітілген Қақтығыстың қорытынды 
шешімге келмеуі Ирак күрділерінің Ирак 
Үкіметіне қатысты сенімінің әлсіреуіне, олар
-
дан территориялық бөлінуге, тәуелсіз мемлекет 
құрудағы сецессионистік қозғалыс жасауына 
мүмкіндік жасады. 
Төртіншіден, 1992 жылдан бастап ИКАА-
ның де-факто дербес өмір сүруі, халықаралық 
акторлармен дербес субъект ретінде өзара 
қарым-қатынас орнатуы, аймақтық және әлемдік 
дер жа валық мемлекеттерден қолдау табуы 
Азардың ұзақ мерзімді қақтығысты түсіндіретін 
халық аралық байланыс элементімен сәйкес 
келе алады. АҚШ пен Түркияның ИКАА-мен 
тығыз қарым-қатынас орнатуы Ирак күрділердің 
халық аралық күштерге сенімін арттырды. 
Осыған орай, бөліну және жеке тәуелсіз мемле
-
кет құруға қатысты идеяның дамуына, артынша 
жүзеге асуына түрткі болды. 
Демек, сараптама қорытындысы бойын-
ша Азардың ұзақ мерзімді қақтығыстар тұжы -
рымы ұлттардың сецессионистік қозға лысы-
ның алғышарты ретіндегі орын алған жағдаят-
тарды түсіндіре алады. Және тұжырым дық кон-
цепциялық тұрғыдан белгілі бір сецессионистік 
қозғалыстың табиғи болмысы мен сипатын 
түсіндіре алатын маңызы бар деп санауға келеді. 
Әрине, Ирак күрділерінің сецессионистік 
қозғалысын тудырушы факторлар Азар ұсынған 
ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс тұжырымы 
элементтері қаңқасынан да көп болуы әбден 
ықтимал. Дегенмен, бұл мәселелер Ирак күр-
ділерінің сецессионистік қозғалысының себеп-
теріне қатысты келесі зерттеулерге қалды-
рылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет