С. С. Наметкин айтып кеткендей, крекинг процесінің мағынасы мұнайды өңдеу арқылы алынатын негізгі өнім бензинмен тоқтап қалған жоқ. Осы мәселені шешумен қатар крекинг процесінің дамуы химиялық өңдеудің өнімін ғылы



бет27/38
Дата26.12.2023
өлшемі3,34 Mb.
#199523
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
Органикалық синтез химия технология теориясының методикалық оқу құралы

Процестің жағдайы мен реакорлардың түрлері. Сұйық фазды хлорлау газ тектес хлорлау сұйық реакционды фазада жүреді.Онда хлор еріп, арықарай реакция ерітіндіде жүреді. Көбінесе сұйық орта-органикалық реагент болып табылады. Бұл реагенттерде өнім толып, қоспаның тығыздығы өседі.
Өндірісте тек химиялық емес , сонымен қатар фотохимиялық иницирлеуде қолданады . Бірінші тәсіл реакционды тордың дайындауының оңайлығында болса да, онда қымбат инициатор қолданады. Ал екінші тәсілде реактордың конструкциясы қиын,электорэнергияның шығыны көп болса,бірақ иницаторға көп шығын кетпейді. Қай тәсілді таңдау экономикалық факторлармен анықталады. Одан басқа сұйық фазада реакция 120-150оС-та инициаторсыз,яғни,термиялық экономиялық жолмен жүреді. Мысалы,жоғары парафиндердің хлорланудың бастапқы сатыларын айтуға болады.
Фотохимиялық хлорлану реакциясының жылдамдығы температураға байланысты емес. Бірақ реакцияны салқын су қатысына жүргізген тиімдірек болып табылады. Сондықтанда гексахлорциклогексанның фотохимиялық синтезін 40-60оС-та жүргізіледі.
Химиялық инициаторлар қолданған кезде температура 2,2-азо-бис-изобутиронитрила үшін 70-100оС болса,ал бензоил үшін 100-120оС болады. Негізінен инициатордың температурасы мен концентрациясы бір-бірімен байланысқан. Біріншіден, 1 л реакцияға салынатын инициатордың көлемі , 1 моль атом хлордан төмен болмайды. Екіншіден, инициатордың температурасы мен концентрациясы жоғарлағанда,түзілетін тізбек кемиді. Яғни,инициатордың шығымын жоғарлату үшін оның температурасы мен концентрациясын төмендету қажет. Бұл айтылғандардың бәрі фотохимиялық хлорлауға сәйкес келеді.
Реакционды түйін (сұйық фазды хлорлау процесі де) периодты түрде және тоқтаусыз әрекеттестәрумен жасауға болады. Бастапқы аппарат (хлоратор) хлорға арналған барботермен, бөлінетін газдарды шығаруға арналған тоңазытқышпен,кері тоңазытқышпен,газ бөлгішпен,сонымен қатар әртүрлі приборлармен жабдықталу қажет. Фотохимиялық хлорлау үшін реакторда бірнеше сыртқы,ішкі шамдар,плафондар бар. Төменде радикалды-тізбекті сұйық фазды хлорлаудың реакторлардың суреті төмендегі 10-шы суретте көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет