Лекция №1 Химиялық эксперименттің химиядан білім берудегі рөлі және орны Жоспары



бет1/13
Дата12.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#11549
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Лекцияның қысқаша конспектісі

Лекция №1-4. Химиялық эксперименттің химиядан білім берудегі рөлі және орны

Жоспары:

  1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы.

  2. Химиялық эксперименттің атқаратын функциялары.

  3. Химиялық эксперимент түрлері.




  1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы ретінде.

Сөз – көрнекі және сөз – көрнекі – сарамандық әдістерді оқытудың ең маңыздысы химиялық эксперимент болып табылады. Ол химияны оқытуда ең маңызды рөлді атқарады. Химиялық эксперимент оқушыларға тек атаулармен ғана емес, сонымен қатар, химия ғылымының әдістерімен таныстырады. Химиялық экспериментке үлкен үлестерін қосқан ғалымдар: В.Н.Верховский, В.В.Фельдт, К.Я.Парменов, В.В.Левченко, В.С.Полосин, Д.М.Кирюшкин, Л.А.Цветков және тағы басқалар .

К.Я.Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген – «Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжірибені бақылауы мен оны батыл жүргізуіне дайындау керек» - деген .

Химияны меңгеруде химиялық эксперимент оқу процесінің құрамды бөлігі ретінде маңызды роль атқарады. Әрбір ғылыми түсінік қойылған міндеттен қисынды (логический) шығуы керек және практика жүзінде орнығуы керек, сонда ғана химияның эксперименттік сипаты танылады .

Химия пәні бойынша оқу тәрбие процесінде оқушыларда терең сапалы білім қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек .



Таным – белгілі бір нәрсені (затты), құбылысты, процесті, фактіні сезіну және қабылдаудан басталады, одан кейін қорытындылау мен абстракциялауға ауысады.

Химиялық таным – химиялық құбылыстар мен процестерді қабылдау негізінде қалыптасатын, олардың маңызды белгілері туралы жинақталған білім. Оларға анализ жасау оларға тән барлық маңызды белгілерді, ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді және соның негізінде химиялық заңдылықтар қалыптасады .

Химиялық эксперименттің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып мұғалім оқушыны теориялық білімдерін нақтылауға, жинақтауға және практика жүзінде іске асыруға үйретеді. Химиялық эксперимент оқушыларға теория жүзінде оқыған, меңгерген түсініктері мен қалыптасқан білімдерін практика жүзінде көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, жасап көруі арқылы тереңдетуге көмектеседі. Оқушылар жинақтаған білім, біліктерін және қалыптасқан дағдыларын тек орта мектепте ғана пайдаланып қоймай, одан кейін де пайдалана алады.

Мұғалім еңбегінің ең бастысы сыныптағы оқушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Ол әр баланың жас ерекшелігімен жеке қабілеттерін ескере отырып, танымдық қызығушылығын қалыптастыруға міндетті. Жеке жұмыс жүргізу үшін түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану баланың еңбек дағдысын, шығармашыл, дара қабілеттерін дамытады .

Химиялық эксперимент – құбылыстардың сырын ашудың негізгі құралы. Эксперимент арқылы құбылыста ешбір жұмбақ, жасырын сыр жоқ екеніне , олар да табиғи заңға бағынатыны, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді адамның сарамандық іс – тәжірибелерінде кең пайдалануға мүмкіндік туғызатынына оқушылардың көзі жетеді. Эксперимент оқыту үрдісінде теорияның тәжірибемен өзара байланысын іс жүзіне асырады, білімді сенімге айналдырады.

Эксперимент оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі ретінде де қолданылады. Сонымен қатар, эксперримент оқушылардың бақылаушылық, ізденушілік қабілетін дамытады, білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіруге, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелейді. Эксперимент химия сабағында, сарамандық сабақтарда дәлелдеу және тексеру құралы ретінде де пайдаланылады .




  1. Химиялық эксперименттің атқаратын функциялары

Химиялық эксперимент маңызды функцияларды атқарады. Олар: білім, тәрбие және даму. Сонымен қатар, ақпараттық, химиялық эксперимент эвристикалық, құрастырушылық, зерттеушілік негізгі функцияларды анықтайды. Олар:

Ақпараттық функция химиялық эксперимент пәннің алғашқы таным көзі ретінде болған жағдайда пайда болады. Эксперименттің көмегімен оқушылар заттың қасиеті мен өзгерісі жайлы мағлұмат алады.

Эвристикалық функция енгізілген фактілерді ғана емес, сонымен қатар, көптеген эмпирикалық танымды құруға белсенді негіз болады. Қарапайым мысал, егер тәжірибе негізінде факт қалыптастырылса: оқушы натрий гидроксидіне бірнеше тамшы индикаторды (фенолфталеин) тамызған кезде, индикатор сілтінің әсерінен өз түсін өзгертетініне көз жеткізеді. Бәрінен бұрын фактіні енгізу қиындау. Мысалы, тұз қышқылының ерітіндісіне мырыштың түйірін салу кезінде оқушы біріншіден, мырыш тұз қышқылында еритінін, екіншіден, бұл реакцияның нәтижесінде газ бөлінетінін анықтайды.

Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығынан эвристикалық шешім жасауға қолдануға болатындығын көруге болады.



Зерттеушілік функция заттарды синтездеу мен талдау бойынша практикалық білік пен дағдыны дамытуға, заттардың қасиеті жайлы білім іздеу мен олардың қарапайым белгілерін зерттеуге, жалпы ғылыми – зерттеушілік жұмыстың қарапайым әдістерін меңгеруге негізделген [34].

Оқу құралы ретінде химияның “бейнесін”, ерекшелігін, бірегейлігін, қамтамасыз ететін химиялық эксперимент. Ол үш жақты білімділік функциясын орындайды (оқыту, тәрбиелеу, дамыту).



Химиялық эксперимент:

  • тәрбиенің қалыптасуына көмектеседі (еңбектік, мәдениеттілік, үнемдік, этикалық, эстетикалық, танымдық, экологиялық және басқалар);

  • дамытушылыққа үйретеді (есте сақтау, ойлау, елестету, сезіну, қажеттілік мотивтері, шыгармашылығы т.б,).

  • танымдық қасиетін дамытуда маңызы зор әдіс функциясын орындайды (химиялық объектілерді тану, оқу проблемасын шешу, оқу гипотездерін тексеру).

  • оқу құралдар функциясын орындайды (көрнекіліктер, зерттеулер, жетістіктер, қорытындылар, білім және дағдыны қолдану, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту құралдары) [6].






Сапалық талдау.
На
ғыз зерттеушілер әрекет жасайды,

бақылайды және жазады.

1 сурет. Оқушылардың химия

сабағында эксперимент жасау барысы
Химиялық эксперименттің ең басты атқаратын функциясы – оқушылардың танымдық іс – әрекетін қалыптастыру болып табылады.

Танымдық іс-әрекет дегеніміздің өзі – шәкіртің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан және ізденімпаздықтан қалыпасады. Ал белсенділік – білім алуының іс-әрекет пәнімен тікелей орналасу дәрежесін анықтайды. Жалпылама танымдық белсенділікке педагогика тұрғысынан мынадай анықтама беруге болады: танымдық белсенділік деп – мотивициялық – тұлғалық, мазмұндық – амалдық, және процессуалды - жергілік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.

Химияны оқытуда танымдық іс-әрекетті белсендіру – бұл оқушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, қызығушылығын тудырып, шығармашылығы мен шеберлігін арттыруда қолданылатын әрекеттер жиынтығы. Оқушыларда танымдық іс-әрекеттері өз бетінше жүрізу дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді. Сондықтанда оқу барысында оқушылардың таным белсенділігін арттыруды олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын, ізденушілік қабілетін қалыптасатындай етіп ұйымдастыру керек.

Химия сабағында танымдық белсенділікті арттыруда түрлі жаңа технологияларды қолдануға болады. Сонымен қатар оқытуда дайын білімді беру, есте сақтау, қабылдау ғана емес, оқушының білімі өз бетінше қызмет нәтижесінде кеңею керек. Осыдан оқушының жеке тәжірибесі мен іс жүзіндегі әрекеті шығады. Білім, білік, дағды оқушыларда өзіндік белсенділік негізінде, ал бұл қабілеттің өзі психикалық белсенділіктің нәтижесінде пайда болады. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру жұмыстары сабақ үстінде жүргізіледі әрі оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына да ерекше назар аудару керек.

Оқушы танымдық іс-әрекеті арқылы қоршаған ортаны ғылыми түрде түсінуге тырысады, осының негізінде ізденімпаздықпен айналысады .
3. Химиялық эксперименттің түрлері

Химия ғылымында және оны білім ретінде оқыту процесінде химиялық эксперименттің бірнеше түрі бар:



  1. демонстрациялық эксперимент (демонстрациялық столда мұғалім өзі жасап көрсетеді);

2. оқушылар жасайтын эксперименттер (практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және эксперименттік есептер).

Эксперименттің түрлерін оқушылар өздерінің жұмыс орындарында мұғалімнің және лаборанттың бақылауымен жасайды, кейде өз беттерімен жасайды. Эксперименттің ерекше бір түрі – ой эксперименті. Әр эксперимент түрінің өзіндік ерекшеліктері, жүргізілу уақыты. Эксперименттің барлық түрінде бір – бірімен байланысты екі маңызды жағы болады: тәжірибені енгізу техникасы мен оның орындалу тәсілі .



Демонстрациялық эксперимент негізінен жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушыларда заттар, химиялық құбылыстар және процестер туралы нақты көзқарастар тудыру үшін химиялық түсініктер қалыптастыру үшін жүргізіледі. Ол жаңа материалды азғана уақыт ішінде қорытындылау және маңызды қорытындыларды түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лабораториялық тәжірибелерді және басқа да операцияларды жасауға үйретеді. Оқушылардың назары тәжірибенің орындалуына және одан шығатын нәтижені бақылауға бағытталады .

Демонстрациялық эксперимент сөз – көрнекі әдіс ретінде оқытылады.



Демонстрациялық эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар. Сабақтың мазмұнына онда қарастырылатын мәселеге, зерттелетін құбылыстар мен процестердің сипатына және нақты оқу тәрбиелік міндеттеріне байланысты әрбір демонстрациялық эксперименттің өзіндік ерекшеліктері болады және оларға төмендегідей талаптар қойылады:

  • эксперимент көрнекі түрде жүргізілуі керек;

  • оқушыларға түсінікті болу үшін тәжірибені жүргізу техникасы қарапайым болу керек;

  • эксперимент мазмұнын, мақсатын түсінуі үшін оқытушы оқушыларға алдын – ала қысқаша мәлімет беруі керек;

  • оқушылар қондырғының әрбір тетігінің қандай рөл атқаратынын түсінуі керек;

  • эксперимент қауіпсіз жүргізілуі керек;

  • эксперимент сәтті өтуі керек;



2 сурет. Химиялық эксперименттің түрлері
Демонстрация аяқталған соң байқалған құбылыстарға анализ жасау керек, барлығын жүйелеп қорытынды жазу керек, қажет реакция теңдеулерін және есептеулерді жүргізу керек .

Демонстрациялық эксперименттің педагогикалық нәтижесі, оның білімге және білік пен дағдыға әсері эксперимент техникасына тәуелді. Эксперимент жүргізу үшін арнайы жиналған приборлар мен қондырғылардың жиынтығы, жалпы химия кабинетінің жабдықталуы, экспериментке қажетті әрбір прибордың дайындығы және демонстрациялау техникасының бірнеше рет алдын – ала тексерілуі. Мұғалім немесе лаборант жұмыс жасай білу тәсілдерін жақсы меңгерген жағдайда ғана эксперимент сәтті өтеді .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет