Лекция №1 Химиялық эксперименттің химиядан білім берудегі рөлі және орны Жоспары



бет9/13
Дата12.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#11549
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Зертханалық тәжірибелерді қою.

Зертханалық тәжірибелер - мұғалімнің бақылауымен оқушылар өз бетінше орындайтын жұмыс түрі. Зертханалық тәжірибелер жаңа материалды толық ұғыну үшін, теориялық білімді практика жүзінде жасап көріп толық және нақты, дәлелді білім алу үшін сабақтың кез-келген ыңғайлы бөлігінде жасалатын тәжірибе түрі. Зертханалық тәжірибелер сабақтың барлық бөлігін алмайды, тек белгілі бір бөлігінде ғана жасалады, яғни тәжірибені қай уақытта жасау ыңғайлы екенін мұғалім өзі алдын-ала ойластырып шешеді.

Көрнекі эксперименттпен салыстырғанда зертханалық тәжірибе орындау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жасайтын болғандықьан оларда біртіндеп эксперименттік білік пен дағды қалыптаса бастайды.

Зертханалық тәжірибелердің демонстрациялық эксперименттпен ұқсастығы мұғалім жаңа материалды теория жүзінде түсіндіргеннен кейін оқушылардың білімін толықтыру үшін, оларда заттардың қасиеттері, химиялық процестер туралы көрнекі көзқарастар қалыптасуы үшін оны практика жүзінде оқушылардың өзі жасап көреді, бақылаған құбылыстарын талдауды, салыстыруды, бейнелеуді және қорытындылауды үйренеді.

Зертханалық тәжірибелерді жүргізуге төмендегідей талаптар қойылады:



  • оқушы жұмыстың мақсатын, міндетін және оның орындалу ретін толық түсінуі керек;

  • жұмысқа қандай реактивтер қанша мөлшерде қажет және олардың концентрацияларын да білулері керек;

  • жұмысқа қажет құрал-жабдықтар жиынтығын және әрбір құралдың қандай роль атқаратындығын білулері керек;

  • жұмыс жоспарын алдын-ала құрып, қажетті реакция теңдеулерін жазып, қажет болса қондырғының суретін салып, жұмыс барысында қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екендігін қайталап, дайындалып келулері керек;

  • сабақтың алдында мұғалім әрбір оқушының зертханалық жұмысқа дайындығын толық тексергеннен кейін ғана жұмыс жасауға рұқсат береді;

  • жұмыс жоспар бойынша ретпен орындалуы керек, мүмкіндік болса әрбір оқушы жеке орындағаны, тіпті екі оқушы бірігіп орындағандары дұрыс;

  • бастысы физика-химиялық құбылыстардың ең маңызды сәттерін байқай білулері керек;

  • байқаған, бақылағандарын дәптерге түсіріп, талдау жасап, салыстырып, қорытынды жазулары керек.

Дұрыс ұйымдастырылып жүргізілген зертханалық тәжірибелер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді, эксперименттік білік пен дағды қалыптасады.

  1. Практикалық сабақтарды қою.

Зертханалық тәжірибелерге қарағанда практикалық жұмыс оқушылардан өз бетінше жұмыс жасауды көбірек талап етеді, яғни оқушылар үйден алдын – ала дайындалып келуі керек: жұмыстың мақсатымен, мазмүнымен, оны орындау ретімен үйде танысады, конспектілейді, жұмыс жасау жоспарын құрады. Оған қоса жұмысқа тікелей қатысы бартеориялық материалды қайталайды. Ол жұмысты түсініп істеуге үлкен септігін тигізеді. Практикалық жұмысты оқушы өз бетімен жасайтын болғандықтан оның жауапкершілігі, жинақылығы, тіпті тәртібі артады. Нәтижесінде дағды қалыптасып, пәндік құзыреттілік пайда болады.

Практикалық жұмыс жасау кезінде оқытушының рөлі:

  • тәжірибенің дұрыс орындалуын бақылау;

        • оқушы тәжірибені түсініп орындап жатқанын бақылау;

          • қажет болған жағдайда жеке дифференциалды көмек көрсету керек;

            • жұмыс үстеліндегі реттілік тазалықты бақылау.



7 сурет. Көміртегі (ІV) оксидін 8 сурет. Тәжірибенің аралас



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет