Лекция №1 Химиялық эксперименттің химиядан білім берудегі рөлі және орны Жоспары



бет11/13
Дата12.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#11549
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

тәжірибесінің ыдыстардың әртүрлі

қате сызба-нұсқасы типтегі суреттері


11 сурет. Практикалық жұмысты жүргізу технологиясы

Қазіргі кездегі мектептердегі практикалық сабақтар оқушылардың зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыруға мақсатталмаған. Орта мектептердегі практикалық сабақтардың жаттығулармен сиппаталып, білімділік маңызы болуы керек. Практикалық сабақтардың қарапайым, әрі жас ерекшелігі мен оқушының дамуына байланысты тапсырмалардың да қарастырылуын қамтамасыз ету керек.

Практикалық сабақтардың негізгі сипаттары келесідей:

Практикалық сабақтар өтіліп жатқан курспен тығыз байланыста өткізілуі тиіс. Практикалық сабақтардың негізгі оқу курсынан қалып кетуін қалыпты жағдай деп есептемеу керек.

Практикалық сабақ үшін жалпы оқу жоспары ішінен арнайы сағаттар бөлінуі керек. Қазіргі кезде химия бағдарламасында мұндай арнайы сағат саны жеткілікті бөлінбеген. Мұғалім практикалық сабақты жеке тақырып бойынша сабақтьың жұмыс барысына қарай жоспарлайды. Т қмен сыныптарда бұл бір сағаттық уақытқа, ал жоғарғы сыныптарда екі сағаттық сабақтар ретінде жоспарлануы керек. Кейбір жұмыстар , орныдалу жағдайына байланысты екі сағаттан кем емес уақытқа созылуы мүмкін.( мысалы, газдың молекулалық массасын анықтау, т.б.)

Көпшілік жағдайда практикалық сабақтар оқушылар материалды өтіп болғаннан кейін жүргізіледі. Оқушының зертханалық сабақтағы экспреименттік жұмысынан практикалық сабақтың айырмашылығы да осында.

Практикалық сабаққа оқушы алдын ала дайындалып баруы керек.: оқушы жұмысқа қарасты барлық жағдайларды білуі тиіс. Дайындық жұмыс кезінде бақыланатын құбылыстар мен химиялық процестерге, жасалуы керек шаралардың техникасына және жағдайға сәйкес болжамдарға бағытталуы керек.

Көпшілік жағдайда оқушылар сарамандық жұмыс жағдайға алдын ала дайындықсыз келеді. сарамандық жұмыс сабақтарға дайындықты тек кейбір авторлар мен мұғалімдер талап етеді.

Практикалық сабақтар жеке – жеке жүргізілуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ол мақсатқа жетеді. Бұл жағдайда ешқандай әдістемелерде қарсылық жоқ. Зертханалық жеке жұмыс оқушы өмірінен аз орын алады, екінші жағынан мектептерде ұжымдық жұмыс көп орын алады, сондықтан оқушылардың жеке жүргізетін өздік жұмыстарының санының өсуіне көп көңіл бөлуі керек.

Қазіргі заманғы мектептерде оқушылар жеке жұмыспен сирек айналысады, көбіне топпен жұмыс жасайды. Қажеттілікке байланысты мұндай жағдайға жүгінер болса, онда әр топқа үш адамнан артық артық бөліну керек. Керісінше жағдайда мұндай сабақтар практикалық жұмыстың спецификалық сипаты мен қасиетін жоғалтады.

Зертханада оқушы сарамандық жұмысының жұмыс дағдысы мен жеке жұмыс жасауға үйренумен қатар, ол кейбір жағдайларда өзінің болжамын да ұсына алады.

Барлық тәжірибелер жеке басқарушылықпен немесе оқулықта көрсетілгендей нұсқаулықтар бойынша орындалады .

Нұсқаулықтар оқушылардың химиядан жалпы дайындықтарын,сарамандық жұмыстың техникасын меңгере білу дәрежесіне және жас ерекшеліктерін ескеру тиіс.

Төмен сыныптар үшін тапсырмалар қарапайым, ал нұсқаулықтар толық болуы керек ; жоғарғы сыныптарда, керісінше, нұсқаулықтарды қысқаша түрде беру керек. Мысалы, егер 8 сыныпта суды ығыстыру арқылы газды алу жолын толық суреттесе, 10- 11 сыныптарда « Сулы немесе пневмaтикалық ваннаны қолдана отырып газды алыңдар» деген сөзбен шектелген жеткілікті.

Нұсқаулықтар оқушылардың жеке жұмыс жасауы үшін қарапайым, әрі мұғалімнің қосымша нұсқауын талап етпейтіндей етіп дайындау керек. Сонымен қоса нұсқаулықтар оқушының жұмысын қиындатпау керек.

Нұсқаушылыққа түрлі есептеулер мен тапсырмаларды кірістірмеу керек. Тапсырмаларды әрине орындау керек, бірақ зертханалық жұмыс кезінде емес.

Нұсқаулықтар келесі бөліктерден тұруы керек:

Қажетті зертханалық құрал- жабдықтар мен реактивтердің тізімі;

Жұмысты орындауға қажетті нұсқаулықтар ( құрылғыны жинау, жұмысты түрлі кезеңге бөліп орындау,т.б.);

Алынған материалмен не істеу керектігі жөнінде көрсетілім;

Қорытындыға қойылатын талаптар;

Құрылғыны жинастыруға арналған көрсеткіш.

Оқушылардың практикалық сабақ кезіндегі сарамандық жұмысқа қатысы бар өтілген теориялық материалды оқып дайындығымен қатар, оқушылар нұсқаулықты да білуі керек. Мұғалім, алдын ала оларға қандай жұмыс орындалатынын айтып, дайындалған немесе оқулықта көрсетілген нұсқаулық бойынша дайындауларын талап етеді. Кейбір мұғалімдер сарамандық жұмыс жүргізбес бұрын, оқушылардың оған дайындықтарын тексереді.

Зертханалық сабақтарға қарағанда практикалық сабақ процесі кезінде оқушылар зертханада жұмыс жасау техникасын жоғары дәрежеде меңгерулері тиіс.

Бұндай жұмыстардың нәтижесінде оұушылар зертханалық құрылғы мен іс- әрекеттер жайында нақты мәліметтер алады.

Мектеп жағдайы мен мұғалім оқушылардың зертханалық жұмыс жасай алу біліктілігін арттыруға мүмкіндік беруі керек. Біліктіліктің артуына жүйелі түрде жүргізіліп отырған қорытындылаулар мен болжамдардың арқасында қол жеткізуге болады.

Oқушылардың практикалық жұмыстары бойынша есебі.Бұл сұрақ оқушылардың экспермиенттік жұмыстарында үлкен орын алатындықтан, жетік қарастыру керек.

Оқушылар өздерінің байқауларын жазып, құрылғылардың суреттерін салды, т.б.. Осының барлығы есептерде көрсетілуі керек. Мұндай есептер жасау оқушыларды жұмысқа мұқият қарап , оны нақтылыққа, құыптылыққа үйретеді.

С. Г . Шаповаленконың айтуынша жазбаша жұмыстардың барлық сипаты, әр жұмыс бойынша нұсқаулықтарда нақты анықталуы тиіс. Оның есепке қойған талаптары келесідей: « Есеп – прибордың схемалық суретінен, байқаулардың жазбасынан, нәтижелердә түсіндіруден , нұсқаулықта көрсетілген сұрақтарға жауаптан, қорытынды жазбалардан түруы керек. Есеп- ұқыпты, қысқаша, әрі түсінікті болуы керек. Мұғаім есептерді жүйелі түрде тексеріп, қателңктердң ескерңп отыруға міндетті.»

Байқауды түсіндіру мен қорытындыларды реттеу оқушылардың логикалық тұрғыдан ой санасының артуына , білім сапасының жоғары болуына оң әсер етеді.

Химияны оқу сарамандық жұмысы оқу процесінің кез келген кезеңінде қолданылады. Алдымен сарамандық жұмыс оқушыларды зерттелетін затпен көрнекі таныстырады. Осы мақсатпен заттардың үлгілері, коллекциялар үлетірме материал түрінде көрсетіліп, заттың физикалық қасиетін сипаттайтын тәжірибелер көрсетіледі. Бұдан соң барып оқушыларды оның химиялық қасиетімен таныстырады.

Жаңа материалды түсіндіру кезінде сарамандық жұмыс өтіліп жатқан тақырыпты тек сәйкес химиялық құбылыстар арқылы таныстырып қоймай , практикалық қолданылысымен де таныстырады. Нәтижесінде оқушылар химияның теориялық негіздерін тереңірек түсініп , жеңіл қабылдай алады.

Жаңа тақырыпты бекітуде сарамандық жұмысты қолдану мұғалімге жаңа материалдың қаншалықты игерілгендігі және одан ары қарайғы іс- әрекеттерді жоспарлауға мүмкіндік береді.



  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет