Сабақтың тақырыбы: Қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері. Сабақтың мақсаты



Дата24.04.2017
өлшемі29,94 Kb.
#15097
түріСабақ
Күні: _______________

Сыныбы:__10________

Пән мұғалімі: Сдихова Раушан Сисембайқызы

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Flash бағдарламасында анимация құрудың тәсілдерін меңгеру

ә) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелігі: Анимациялық реттер бойынша жұмыс жасауын қадағалау.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар, тапсырмалар, т.б.

Сабақтың өту барысы:


  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

  • Мультипликация дегеніміз не?

  • Суретке алғаш жан бітірген ғалым.

  • Макрос дегеніміз не?

  • Уақыт шкаласындағы пиктограмма батырмаларын ата.

Жаңа сабақ.

Анимация – мультимедия жүйесінде қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы нысанды экранда бейнелеу тәсілі.

Жалпы Flash бағдарламасында нысанды анимациялаудың 3 түрі бар:


  1. Автоматтық анимациялау

  2. Кадр бойынша анимация

  3. Сценарийге негізделген анимация

Flash бағдарламасында 3 түрлі мәтінді ұйымдастыруға болады:

  1. Static Text – статикалық мәтін

  2. Dynamic Text – динамикалық мәтін

Қ А З А Қ С Т А Н

Input Text – толтырылатын мәтін



Мәтін түрі

Flash бағдарламасында анимация құрудың реттілігі:

Flash бағдарламасында жұмыс облысы пакетінің 3 нұсқасын таңдауға мүмкіндік бар:



  1. Designer – бұл ең алдымен графикалық редактормен жұмыс істейтін дизайнерлерге арналған.

  2. Developer – Веб – жариялымдарын құру үшін Flash бағдарламасында қолдануда жұмыс істейтін қолданушыларға арналған.

  3. General – жалпы жағдайлар үшін.

Бағдарламада анимация құрудың 2 режимі бар:

  • Кәдімгі режим – анимацияланатын кадр бір-бірден тізбектеле көрінеді.

  • Калька режим – екі немесе одан да көп кадрды бір уақытта көрсетеді.

№1 тәжірибелік жұмыс.

«Жолдағы ауылдар» кадрлық анимация



  1. Жаңа бет ашамыз

  2. Атын сақтаймыз

  3. Алдын ала Paint графикалық редакторы көмегімен ауылдар суретін салып аламыз.

  4. Суретті File – Import – Import to Library бұйрығы арқылы импорттаймыз.

  5. Енді қабатша бетіне тағы бір қабат қосамыз.

  6. Екінші қабатқа импорттағы суретті қоямыз.

Сабақты қорытындылау

Тәжірибелік тапсырмалар.



  • Шеңбердің төртбұрышқа айналуын жасау.

  • Көлде жүзген балықтың анимациялық құжатын құру.

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Үйге тапсырма: №12 тақырыпты толықтай оқып келу.

Бағалау. Оқушыларды сұрақтар арқылы және тапсырмалары арқылы бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет