С. Т. Дүзелбаев, Р. М. Алтыбасаров, А. Б. Бөбеев, Р. К. Омарбекова, Е. К. Сарымов, Ш. Н. Сарымова машина қҰрастыру негіздері павлодар



бет1/37
Дата20.06.2018
өлшемі1,24 Mb.
#43922
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
С.Т. Дүзелбаев, Р.М. Алтыбасаров, А.Б. Бөбеев,

Р.К. Омарбекова, Е.К. Сарымов, Ш.Н. Сарымова

МАШИНА ҚҰРАСТЫРУ

НЕГІЗДЕРІ

Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


С.Т. Дүзелбаев, Р.М. Алтыбасаров, А.Б. Бөбеев,

Р.К. Омарбекова, Е.К. Сарымов, Ш.Н. Сарымова


МАШИНА ҚҰРАСТЫРУ

НЕГІЗДЕРІ


жоғары кәсіптік мамандарын дайындайтын
техникалық оқу орындарының студенттері үшін
арналған дәрістік конспект


2 – бөлім

Павлодар

УДК 621.001.66(07)

ББК- 34.42я7

М 32



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің

Ғылыми кеңесі оқу құралы ретінде ұсынған

Пікір жазып қолдаушлар:

А.Қ. Қарақаев - т.ғ.д., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік техникалық университетің профессоры.

С.Н. Нұрақов - т.ғ.д., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетің профессоры;


Д 72 Дүзелбаев С.Т., Алтыбасаров Р.М., А.Б. Бөбеев,


Омарбекова Р.К., Сарымов Е.К., Сарымова Ш.Н.

Машина құрастыру негіздері: оқу құралы жоғары кәсіптік мамандарын дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған дәрістік конспект. 2 – бөлім . – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2010. – 25 б.
Оқу құралы, жоғары кәсіптік 050420 «Сәулет» және 050729 «Құрылыс» саласындағы мамандарды дайындайтын техникалық оқу орындарының күндізгі және сыртай оқитын бөлімдерінің оқу жоспарлары мен пәннің типтік бағдарламаларына сәйкес даярланған.

УДК 621.001.66(07)

ББК- 34.42я7
 Дүзелбаев С.Т., 2010

 С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010



Тісті берілістер
Жалпы түсінік. Тісті беріліс деп, екі қозғалмалы тісті буындары қозғалмайтын буынымен айналмалы немесе ілгерлемелі жұп құратын, үш буынды механизмді айтамыз (тісті беріліс деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады). Берілістің тісті буыны дөңгелек, сектор немесе рейка болуы мүмкін. Тісті берілістер аыналмалы қозғалыстарды немесе айналмалы қозғалысты ілгерлемелі қозғалысқа түрлендіру үшін қолданылады.

Осы жерде және мұнан да кейін, тісті берілістерге қатысты, терминдер, анықтамалар, белгідеулер 16530-83 МЕСТ «Тісті берілістер», 16531-83 МЕСТ «Цилиндірлі тісті берілістер» және 19325-73 МЕСТ «Конусты тісті берілістер» стандарттарына сәйкес келеді.

Тісті іліністер жоғарғы кинематикалық жұптарды құрайды, өйткені теория бойынша тістер сызықтың бойымен немесе нүктелермен жанасады. Жұптағы тісті дөңгелектердің кішісін шестерня деп, ал үлкенін – дөңгелек деп атайды. Диаметрі шексіз үлкен тісті доңғалақтың секторын тісті рейка деп атайды.

Тісті берілістерді көптеген белгілеріне қатысты сұрыптауға болады: білік өстерінің орналасуына (параллель, қиылысатын, айқасатын және өстері сәйкес келетін); жұмыс істеу жағдайларына (жабық – майлы ваннада жұмыс істейтін және ашық – құрғақ жұмыс істейтін немесе оқтын-оқтын майланып тұратын); сатысына (бір сатылы, көп сатылы), дөңгелектердің өз-ара орналасуларына (ішкі және сыртқы іліністі); біліктердің айналу жіліктерінің өзгеруіне (төмендететін, жоғарлататын); тіс кесілетін беттерінің пішіндеріне (целиндрлі, конусты); доңғалақтардың шеңберлік жылдамдықтарына (баяу жүргіш – жылдамдығы 3 м/с дейінгі, орташа жылдамдықты – жылдамдығы 15 м/с дейінгі, жылдамжүргіш – жылдамдығы 15 м/с жоғары); доңғалақ бетіне тістердің орналасуларына (түзу тістілер, қиғаш тістілер, қисық сызықты шеврон тістілер); тістердің профильдерінің формасына (эвольвентті, шеңбер доғасымен шектелген, циклоидты) байланысты жіктеледі.

Сонымен қатар иілгіш тісті доңғалақты берілістер де бар, оларды толқынды деп атайды.

Тісті берілістердің негізгі түрлері (1 - сурет): өстері параллель: а – цилиндрлі түзу тісті, b – цилиндрлі қиғаш тісті, c – шевронды, d ішкі ілініспен; өстері қиылысқан: e – конусты түзу тісті; f – конусты тангенсалды тісті, g – конусты қиғаш тісті; өстері айқасқан: h –гипоидті, k – винтті, l – тісті-рейкалы түзу тісті.






Өстері бұрышпен орналасқан тісті берілістер

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет