С. Т. Дүзелбаев, Р. М. Алтыбасаров, А. Б. Бөбеев, Р. К. Омарбекова, Е. К. Сарымов, Ш. Н. Сарымова машина қҰрастыру негіздері павлодар



бет2/37
Дата20.06.2018
өлшемі1,24 Mb.
#43922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
ортогоналды деп аталады.

Тісті берілістердің артықшылықтары: тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (ондаған мың кВт) және басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шағын келеді, басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі, тісті берілістер өте шыдамды келеді, пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін 0,97…0,98), жылдамдығы үлкен (150 м/с-ке дейін) және беріліс санының диапозоны кеңірек (бірнеше жүздеген).

Тісті берілістердің кемшіліктеріне мыналар жатады: жоғары дәлдікті берілісті дайындаудың күрделігі; дойындау мен жинаудың дәлдіктерінің жеткіліксіздігінен жұмыс барысында шудың көбейуі, жетектегі біліктің айналу жиілігін сатысыз реттеудің мүмкін еместігі және қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігінің нашарлығы.

Тісті берілістер механикалық берілістердің ең көптараған түрлерінің бірі және ол машина жасаудың барлық салаларында, дербес жағдайда металл кесуші білдектерде, автомобильдерде, тракторлерде, ауылшаруашылық машиналарда және т.б.; аспаптар жасауда, сағаттық өндірісте және б. Тісті берілістердің мұндай кең таралуы жобалау және тісті дөңгелектерді дайындау технологиясы бағыттарында үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және бұл мәселеде жан-жақты стандарттауды талап етеді. Қазіргі уақытта терминдер, анықтамалар, белгілеулер, тісті доңғалақтың элементтері мен іліністері, берілістің негізгі параметрлері, геометриясын есептеу, цилиндрлі эвольвентті берілістерді беріктікке есептеу, тістерді кесуге арналған құралдар және басқа да көпшіліктері стандартталған.



Кез-келген тісті берілістің негізгі кинематикалық сипаттамасы – беріліс саны. Стандарт бойынша ол дөңгелек тістерінің санының шестерня тістерінің санына қатынасымен анықталады және деп белгіленеді, сонымен
(1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет