түйісу нүктелерінің тайғанау жылдамдығы деп атайды. Тайғау жылдамдығы түйісу нүктелерінің полюстен қашықтығына тура пропорционал. Түйісу нүктелерінің тайғанауы үйкеліспен қабаттас болады (3, b - сурет).
Денелер полюсте ілініскенде тайғанау жылдамдығы нөлге тең болады, ал түйісу нүктесі полюстен өткеннен кейін тайғанау жылдамдығының векторы, үйкеліс күші сияқты, бағытын қарама-қарсыға өзгертетіні анық, яғни тайғанау жылдамдығы полюсте нөлге тең, ал полюстен өткен кезде таңбасын өзгертеді.
Ең үлкен тай-ғанау тістердің ба-сында және аяғында болады (3, b - сурет), бастапқы шеңберде нөлге тең және таңбасын өзгер-теді. Тайғанау үйке-ліспен болады. Үйке-ліс іліністегі шығын-ның және тістердің тозуының себебі болып табылады. Жетекші тістерде үйкеліс күштері бастапқы шеңбермен бағытталса, жетектегі тістерде керісінше бағытталады. Доңғалақтың диаметрі тұрақты болғанда, тістің биіктігі мен іліністің модулін өсіргенде, қашықтығы өседі, демек, сырғанау өседі. Ірі модульді, тістері аз доңғалақтарға қарағанда уақ модульді, көп тісті доңғалақтарда тайғанау аз, ал ПӘК-і жоғары болады.
Іліністің негізгі заңының талаптарын көптеген қисықтар қанағат ете алады, ал кеңінен пайдаланылатыны XVIII ғасырдың ортасында Л. Эйлер ұсынған эвольвентті ілініс. Сонымен қатар, машина жасауда 1954 ж. М.Л. Новиков ұсынған дөңгелек ілініс те, ал аспап жасауда – циклоидты және тағыда басқа іліністер де қолданылады.
Эвольвентті іліністің қасиеттері.
Эвольвента немесе шеңбердің жазбасы деп, қозғалмайтын шеңбердің бетімен тайғанаусыз сырғанайтын түзуінің кезкелген нүктесінің сызатын жазық қисығын айтады (4 - сурет). түзуін
Достарыңызбен бөлісу: |