С. Т. Дүзелбаев, Р. М. Алтыбасаров, А. Б. Бөбеев, Р. К. Омарбекова, Е. К. Сарымов, Ш. Н. Сарымова машина қҰрастыру негіздері павлодар



бет17/37
Дата20.06.2018
өлшемі1,24 Mb.
#43922
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
туындататын түзу деп, ал осы түзудің сырғанайтын диаметрі шеңберін негізгі шеңбер деп атайды. Туындататын түзудің негізгі шеңбердің бетімен тайғанаусыз сырға-найтыны олардың әрбір мезетте түйісетін нүктелері жылдамдықтың лездік центрі және эвольвентаның қиссықтық центрі болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан, туындататын түзу өзінің әрбір жағдайын-да эвольвентаның нормалі болады, басқаша айтқанда, эвольвентаның нормалі әрқашан негізгі жеңбердің жанамасы болып табылады.

Эвольвентаның құрылу тәсілінен, бұл қисықтың шеңбердің ішінде болуы мүмкін еместігі шығады. Егер туындататын түзуді қарама қарсы бағытта сырғанайтын болса, онда эвольвентаның басқа – солжақ тармағын аламыз.Әрбір эвольвентті іліністі доңғалақтың тістері эвольвенттің оң және сол бөліктерімен сызылады. Тістің негізгі шеңбер ішіндегі формасы тіс кесетін құралдың профилімен анықталады. Екі бір текті (оң және сол жақтағы) эвольвенттер эквидистантты (тең арақашықты) қисықтар, яғни эвольвенттердің бастапқы нүктелерінің арасы негізгі шеңбердің доғасына тең аралықпен, кезкелген жалпы нормальда өзара бірдей қашықтықта жатады.

Негізгі шеңбердің диаметрін үлкейткен сайын эвольвентаның қисықтық радиусы өсе бастайды, ал шектік жағдайында эвольвента түзуге айналатына айқын. Демек, эвольвентті іліністі рейканың тістерінің профилі түзу сызықты болулары тиіс. Сондықтан да эвольвентті іліністі цилиндірлі және конусты тісті доңғалақтарды жобалау негізіне тістері түзу сызықты профильді рейканың контуры болып табылатын (4 - сурет),

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет