10
№№ 1-2 (162-163) қаңтар-ақпан, жылқы жылы 2014
Кітап – білім бұлағы
Саида Ахметқызы 36 жылдан ас-
там уақытын кітапхана ісіне арнады.
Ол – өз ісінің майталманы, «ҚР білім
саласындағы құрметті қызметкері»
алқа белгісімен, екі мəрте А. Байтұр-
сынов медалімен, С. Торайғыровтың
мерейтой алтын медалімен, Білім жəне
ғылым Министрлігінің Құрмет грамота-
сымен марапатталған. 2012 жылы «Қа-
зақстандағы кітапхана ісінің тарихна-
масы. 1912-1991 жылдар» тақырыбына
кандидаттық диссертация қорғады.
Академик С. Бейсембаев атында-
ғы ғылыми кітапханада 13 жыл бойы
басшылық қызмет атқару барысында
кітапхананы дамытуға қатысты көп-
теген өзгерістерді енгізуге мұрындық
болды: қазақ əдебиеті, көркем əдебиет
секторларының, «Қазақстан халқының
кітапханасы» оқу залының, Электрон-
дық ресурстар залының ашылуы, «ИР-
БИС», «Ортақ электрондық кітапхана»
(ҒТАҒО), «Студенттік электрондық кі-
тапхана» жəне т.б. бағдарламаларын
енгізді.
Кітапхана жұмысы туралы, оның
жеңістері мен нақтылы шығармашы-
лық жетістіктері жөнінде көптеп айтуға
да, жазуға да, мысалдар келтіруге де
мүмкіндік мол. Осының барлығы білгір
басшы мен позитивті де сенімді бағыт
алған ұжым қызметінің нəтижесі екенін
айтқымыз келеді.
Саида Ахметқызы журналистерге
берген бір сұхбатында: «Мен өз жұ-
мысымды шексіз сүйетін, мамандық
таңдауыма бір де бір күманданбаған
адаммын, кітап пен оқырманға қызмет
етудегі игілікті ісіме адалмын», – деген
болатын.
Оны əріптестері кəсіби шеберлігі мен
шыншылдық, əділеттілік, тік мінезділік,
өз басшылығындағы қызметкерлерге
деген мейірімділік сынды жеке қасиет-
тері үшін сыйлап, құрметтейді. Бүгінгі
күнде оның қарамағында 44 маман
қызмет етуде, олардың əр қайсысына
жіті көңіл бөліп, қамқорлық көрсету-
ден аянбайды. «Адамгершілік қасиетің
болмаса, əділетті болуың да мүмкін
емес» деген нақыл сөзді ұнатуының
сыры да осында болса керек.
Үнемі жинақы, сырт келбеті тартымды
бейнесі бірден өзіне көңіл аудартады.
Дегенмен, осы сыртқы тартымдылы-
ғының астарында үлкен еңбек, барлық
күш-жігерін, жан жылуын, ұйымдасты-
рушылық қабілетін сарп еткен өз ісіне
деген адалдық жатқаны анық.
Саида Ахметқызы – адал жар, қызы
Гүлмира мен ұлы Дəуренді тəрбиеле-
ген сүйікті ана, үш немеренің əжесі,
дəмді ас дайындап, гүл өсіріп, саяжай-
мен айналысып, ұнамды киім кие бі-
летін шебер үй иесі.
Ғылыми кітапхана ұжымы Саида
Ахметқызын 22 ақпанда болған ту-
ған күнімен құттықтай отырып, жақсы
көңіл-күй, зор денсаулық, бақыт, зор
табыстар тілейді!
Б.С. Әлжанова,
Достарыңызбен бөлісу: