Жеделмедициналық көмек – денсаулыққа зиян келуі мен өлім қаупін алшақтату мақсатында жіті медициналық көмекті талап ететін медициналық көмектің бір түрі. Жедел медициналық көмек ҚР азаматары, шетелдіктер, республика аумағында мекен ететін азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен тегін көрсетіледі.Бұл ұйымдарға ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады.
Санитарлық авиация – медтехникалық жабдықталған немесе арнайы білікті мамандардың тапшылығы жағдайында науқастың тұрғылықты мекені бойынша жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды тағайындалған орынға жеткізеді немесе арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етіп, науқасты медициналық ұйымға жеткізеді.