С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет51/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

Диагноз (гр. diagnosis – «айырып тану») – аурудың болмысы мен науқастың жай-күйі туралы дәрігердің қысқаша тұжырымы. Дәрігерлік диагноздың негізгі құрылымында жазылады: негізгі ауру, негізгі аурудың асқынуы және негізгі ауруға қосарланған ауру.
Негізгі ауру – қазіргі кездегі басыңқы ауру. Негізгі аурудың асқынуы – аурудың клиникалық белгілерінің нәтижесінде негізгі аурудың ағысында пайда болған патология. Қосарланған ауру – негізгі ауруға ілесіп, оған еш байланыспайтын, қазіргі кезде басыңқы болып келген патология.
Диагнозды және оның негізделуінің шығарылу кезіне байланысты диагноздың мына түрлері ажыратылады: алдын-ала, науқастың клиникалық қарау кезінде алынған мәліметтер мен субъективті тексеру әдістерінің негіздеріне байланысты орнатылған диагноз; клиникалық, науқастың стационарға түскеннен бастап 3 тәуліктің ішінде алынған дәлелденген қосымша зерттеулердің (зертханалық және құрал-жабдықтар арқылы) нәтижелерімен негізделген диагноз; қорытынды, науқастың стационардан шыққанынан алдында жасалатын диагноз; қайтыс болғанда берілетін құжат, науқастың қайтыс болу жағдайында; патологоанатомиялық диагноз – патологиялық-анатомиялық тексеруден кейінгі берілетін диагноз.
Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығы

  • Дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік диагноз науқастың мәселелерін анықтауға бағытталған.

  • Дәрігерлік диагноз барлық ауырған уақытта өзгеріссіз қалуы мүмкін, ал мейірбикелік диагноз жиі өзгеруі мүмкін, ағзаның аурумен әрекеттесуіне байланысты күнде өзгеруі де мүмкін.

  • Дәрігерлік диагноз көбінесе біреу болады, мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін (4-6).

  • Дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибеге байланысты емдеуді қамтиды, ал мейірбикелік диагноз – медициналық манипуляцияларды қамтиды.

  • Дәрігерлік диагноз ағзада пайда болған патофизиологиялық өзгерістерге байланысты. Мейірбикелік диагноз науқастың өз денсаулығы жайлы көзқарасына байланысты.

Мейірбикелік диагнозбұл мейірбикелік зерттеудің барысында орнатылған науқастың денсаулығының бағалануы, бұл мейірбике өзі ескерте немесе/және шеше алатын мәселенің қалпы. Бұл көбінесе науқастың шағымдарына негізделген симптомды немесе синдромды диагноз.
Мейірбикелік диагнозда ауру қарастырылмайды (бұл дәрігердің мақсаты), мейірбикелік диагнозда науқастың өз ауруына реакциясы қарастырылады, сондықтан диагнозды құру кезеңінде науқастың өмірінің барлық сфералары ескеріледі. Физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік диагноздарға бөлінеді.
Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар

  • Физиологиялық диагноз:

  • жедел немесе созылмалы ауру;

  • жеткіліксіз немесе тым көп тамақтану;

  • жұтынудын бұзылуы;

  • тері жамылғы бүтіндігінің бұзылуы;

  • қимыл белсенділігінің төмендеуі;

  • тыныс алудын қиындауы, жөтел;

  • қызба;

  • зәрдің тұрып қалуы, зәрді ұстамау;

  • іш қату, диарея, метеоризм;

  • шаршағыштық (жалпы әлсіздік);

  • ағзаның қорғаныш қызметінің төмендеуі және т.б.

  • Психологиялық диагноз:

  • эмоциональды тонустың төмендеуі;

  • өз жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау;

  • ауру туралы мәлімет аз болғандығы мазалау;

  • медицина қызметкеріне сенбеушілік;

  • ота жасау алдындағы қорқыныш;

  • өлім қорқынышы;

  • өзіне қанағаттанбауы;

  • жалғыздық;

  • жанұядағы шиеленісті жағдайлар;

  • бөгде адамның күтімі қажеттілігі туралы мазасыздану және т.б.

  • жазылмайтын ауруға байланысты үмітсіздік пен сенімсіздік сезімдерінің пайда болуы;

  • демалу мен қарым-қатынастың жетіспеушілігі;

  • дербестік сезімінің жетіспеушілігі;

  • өзінің ауруына байланысты жақынадамдарына деген «жалған айып» сезімінің пайда болуы;

  • жалған намыстану сезімінің пайда болуы.

  • Әлеуметтік диагноз:

  • қозғалыс мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты әлеуметтік оқшаулану;

  • мүгедектікке шығуға байланысты финанстық күйі жайлы уайымдау;

  • күрделі ауруға байланысты (туберкулез, АИТВ) өзін-өзі оқшаулау.

Мейірбикелік диагноз (науқастың мәселелері) пайда болу уақытына байланысты қазіргі кезде мазалаушы (шынайы, бар) және потенциалды болып бөлінеді.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет