2.1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру Мейірбикелік үдерістің ең маңызды кезеңдерінің бірі – жоспарлардың жүзеге асырылуы. Науқастың күтімінің жоспары – науқас күтімінің жоспарын жүзеге асыру үшін мейірбикенің іс-әрекеттерінің барлығы жазылған.
Мейірбикелік үдерістің төртінші кезеңінің мақсаты: науқасты күту мақсатында жасалған барлық қажетті күтім шараларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті жасау. Мейірбикелік кірісулердің келесі үш түрін ажыратады:
Тәуелді – мейірбикенің іс-әрекеттері
Тәуелсіз
Бір-біріне тәуелді
Тәуелді– дәрігердің белгілеуімен және бақылауымен жасалатын мейірбикенің іс-әрекеттері. Мысалы, инфузиялық терапияны жүргізу, антибиотиктерді енгізу, байламдарды ауыстыру және т.б. Тәуелсіз – мейірбикенің өз ықыласымен біліктілігіне байланысты, дәрігер жақтан талап етілмеген іс-әрекеттері. Мысалы, аурудың емге реакциясын бақылау, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, науқастың жеке гигиенасына қарасты шараларды жүргізу, ауруханаішілік жұқпаларды алдын-алу мақсатымен жасалатын шараларды, науқасқа және оның жанұясына кеңестер беру, науқастың демалуын ұйымдастыру (жағдай жасау). Бір-біріне тәуелді – науқасқа күтім жасағанда және көмек көрсеткен кезде дәрігермен және басқа денсаулықсақтау ұйымының қызметкерлерімен ынтымақтастық жасау. Мысалы, науқасты зертханалық тексеру әдістеріне және құрал-жабдықтар арқылы тексеруге дайындау, емдік дене шынықтыру инструкторына, физиотерапевтке, диетологқа және т.б. кеңес берген кезде қатысуы. Науқасқа көмек көрсетудің үш жүйесін ажыратады: