С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Дезинфекцияның комбинирленген әдісі-



бет96/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

Дезинфекцияның комбинирленген әдісі-айтылған бірнеше әдістердің қосындысынан тұрады.



    1. Стерилизация


Ота жасау бөлмесі, босану залдары, инфекциялық бокстарда, ағзасы трансплантацияланған науқастардың орналасқан бөлмесінде, шала туған нәрестелер кювездерінде асептикалық тәжірибе жіті қолданылады [24, 32].
Асептика – емдік және диагностикалық іс-шаралар кезінде адам ағзасының қуысына, тіндеріне, сондай-ақ зерттеу материалдарына, лабораториялық зертеулер барысында пайдалы орта мен екпелерге сыртқы ортадан микроағзалардың түсуін (енуін) алдын-алуды қарастыратын іс-шаралардың күрделі жүйесі. Асептика - медициналық қолданыстағы бұйымдардың стерилизациясын, медицина қызметкерлерінің қолдарын хирургиялық өңдеу, жұмыс барысында ерекше санитарлық-гигиеналық ережелерінің қолданылуын қарастырады.
Антисептика – зақымданған тері мен шырышты қабаттарда инфекциялық үдерісті қоздыра алатын микроағзаларды жаппай жоюға бағытталған емдік-алдын-алу іс-шаралардың кешені. Антисептика құралдары ретінде 70% этил спирті, 5% йодтың спиртті ерітіндісі, 0,5 - 2% хлорамин ерітіндісі және т.б.
Осылайша, антисептика жараға еніп үлгерген бактерияларға қарсы бағытталған, яғни емдік маңызға ие. Ал, асептика болса, инфекцияның жараға енуін болдырмайды, сондықтан, алдын-алу маңызды иемденеді.
Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.
Стерилизация асептиканың негізі болып табылады, госпиталдық инфекциялармен күресуде және операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын-алуда, гепатит В, АИТВ- инфекциясы және іріңді ауруларда маңызы зор.
Барлық медициналық бұйымдар мен құралдар стерилизация-ланады, дренаждар, шприцтер, таңатын материалдар, жара бетімен қатынасқа түсетін, қан және инъекциялық препараттар, сонымен қатар экспулатация процесінде шырышты қабықшамен қатынасатын және оның зақымдануын тудыру мүмкін, операция бөлмесінің ауасы, хирургтың қолы және операциялық мейірбикенің қолы зарарсыздандырылады.
Медициналық аспатар және медицинада қолданатын құралдарды (МҚҚ) адам ағзасымен байланысу дәрежесі және пациенттің инфекцияны жұқтыру қауіпі бойынша үш топқа бөледі:

  • шұғыл МҚҚ – адам қанымен немесе қуыстар, тінімен тікелей байланыста болған аспаптар және құралдар;

  • жартылай шұғыл МҚҚ – зақымдалмаған шырышты қабаттармен байланыста болған аспаптар мен құралдар;

  • шұғыл емес МҚҚ – интакты тері жамылғысымен байланыста болған күту құрылғылары, аспаптар мен құралдар.

Шұғыл МҚҚ міндетті түрді стерилизацияланады, ал жартылай шұғыл – жоғарғы және орта деңгейде дезинфекцияланады, шұғыл емес – орта және төменгі деңгейде дезинфекцияланады [29].
Медицинада қолданатын құралдардың деконтаминациясы (өңделуі) үш кезеңнен тұрады:

  • дезинфекция

  • стерилизация алдындағы өңдеу

  • стерилизация




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет