3.4.1 Медицинада қолданатын құралдардың (МТҚ) деконтаминациялау кезеңдері 1 кезең – МҚҚ қолданғаннан кейін бірден дезинфекцияланады
Дезинфекцияның үш режимі бар: Р-1, Р-2 и Р-3:
Р-1 (қарапайым) ішек бактерияларын және респиратолы вирустарды жоюға бағыттылған, дезинфекциялық құрал ретінде 1% хлорамин ерітіндісі немесе 1,5% гипохлорит кальций ертіндісі қолданылады (1 сағатқа).
Р–2 (күшейтілген) туберкулез және саңырауқұлақ микобактерияларын жоюға бағытталған, 5% хлорамин 6 сағатқа немесе 2,5% гипохлорит кальций ерітіндісі 4 сағатқа.
Р–3 (анаэробты) парентеральды вирустарды жоюға бағытталған (сіреспе), дезинфекциялау үшін 6% сутегінің асқын тотығы қолданылады.
Іс-шараның орындалуы:
1. Арнайы киімді кию: халат, маска, қолғап.
2. Дезинфекциялық ерітіндіні дайындау.
3. Дайындалған ыдысқа құю.
А) Бірінші ыдыста: қолданғаннан кейін медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру және жуу.
Б) Екінші ыдыста: медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру, ерітіндіге толығымен салып қою, ыдыстың қақпағын жауып бір сағатқа қалдырып қою керек, бір сағаттан кейін құрал-жабдықтарды ерітіндіден алып шығып, астаушаға салу.
4. Ағынды су астында медициналық заттарды бірнеше рет жуу.
5. Қолданылған дезинфиялық ерітіндіні канализацияға төгу.