С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Сандық немесе электронды термометр



бет153/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

Сандық немесе электронды термометр


Электронды термометр - қалам түріндегі пішінде, арнайы кіріктірмелі сезімтал тетігі бар, өлшеу нәтижесі сан түрінде шыны құрылғысынан көрінетін пластикалық қондырғы. Олар қосымша қызметтерімен ерекшелінеді: соңғы өлшеген нәтижені есінде сақтау, өлшеу уақыты және нәтижесі туралы дыбыстық сигнал беру, гигиеналық қолдану үшін ауыстыратын ұштықтарының болуы, корпусы су өткізбейді және т.б. Электронды термометрлермен ауыз арқылы, тік ішекте және қолтық астында температураны өлшейді (сурет 44).


С
irecommend.ru
урет 44

Электронды термометр


Артықшылығы:

  • Қолдануда қауіпсіздігі: бұл термометрде сынап болмағандықтан, сындыру мүмкін емес.

  • Температураны өлшеу нәтижесін оқу оңай.

  • Температураны өлшеу уақыты өте қысқа, барлығы 30–60 секунд. Температураны қолтық астында өлшеу уақыты 1,5–3 минут ұзарады.

  • Белгілі бір уақыттан кейін өзінен-өзі өшеді.

  • Жарығы бар термометрлерді қараңғы кезде де қолдануға болады.

  • Барлық кәзіргі үлгілерінде соңғы өлшеу тарихын сақтайтын есте сақтау қызметі бар (1-ден 25-ке дейін ).

  • «Цельсий-Фаренгейт» өлшеу ауыстыру шкаласы бар.

  • Өте көп әртүрлі үлгіде, әртүрлі пішінде және ашық түсте немесе емізік түрінде болады, икемді жарақаттамайтын ұштықтары болады.


Жетімсіздігі:

  • Көптеген үлгілерді, әсіресе арзан тұрмыстық үлгілерін жууға, залалсыздандыруға болмайды.

  • Кезеңді түрде батарейін ауыстырып отыру керек.

  • Сынапты термометрлермен салыстырғанда электронды термометрлердің бағасы қымбат тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет