Медициналық қызметкер күнделікті химиялық заттардың кедергі әсеріне ұшырау қаупіне ұшырайды, сондықтан қауіпсіздік мақсатында қауіпті минимумға дейін төмендететін шараларды ұстану қажет [6, 7, 17, 32].
Қолданылатын химиялық заттарға жоғары сезімталдығы барларға олармен жұмыс істеуден шектетеді.
Дезинфекциялық заттардан жұмыс ерітінділерін дайындау жақсы желдетілген бөлмелерде жүргізіледі.
Ерітінділерді және өңделетін объектілерді тығыз жабылатын сыйымдылықта сақтау.
Препараттардың қосалқы қорларын ортақ қолданылатын жерлерден қол жетімсіз жерде қараңғы ыдыста, құрғақ, қараңғы және салқын жерде сақтау.
Бөлімдерде дезинфекциялық заттарды және олардың ерітінділерін балалар мен дезинфекциямен айналыспайтындарға емдік препараттардан бөлек құлыпталған жерде сақтайды.
Жуу мен залалсыздандырудың барлық кезеңдері қалдық дезинфекциялық заттар мен ерітінділерді өңделетін нысандардан максималды жою тізбегін және орындалу тәртібін сақтау.
Келесі ережелерді есте сақтаған жөн: дезинфекциялық заттарды суға қосу, керісінше емес; дезинфекциялық заттарды ескі ерітіндіге қоспау.
Дезинфицирлейтін ертіндінің жарамды уақыты мен концентрациясын қатаң бақылайды