С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Науқастың төсектегі қалпы түрлері



бет139/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе

4.3 Науқастың төсектегі қалпы түрлері

Науқастың төсектегі қалпы жағдайының ауырлығын көрсетеді [25, 32].



  • Белсенді қалып — науқас қажеттілігіне қарай ерікті (белсенді) қозғалыстарды еркін және жеңіл орындайды, ешкімнің көмегінсіз төсекте қозғалады, жүреді. Науқастың белсенді қалпы жеңіл ауруларда немесе ауыр аурулардың бастапқы кезеңіне тән.

  • Пассивті қалып — науқас қозғалыссыз, әлсіздік салдарынан өзінің қалпын өз бетінше өзгерте алмайды, ерікті қозғалыстар жасай алмайды,басы мен аяқ-қолдарын ауырлық күшіне байланысты салбыратып жатады. Науқастың ес-түссіз күйінде немесе әбден әлсіреуі және науқастың арықтауы кезінде кездеседі. Науқасты дұрыс тыныс алу және қан-айналымды жақсартатын қалыпта отырғызу қажет.

  • Мәжбүрлі қалып — науқас жағдайын жақсарту үшін, өзіне ыңғайлы қалыпта отырады. Бұл қалыпта отыруға аурудың ерекшелігі әсер етеді. Менингитпен ауыратын науқастың төсектегі қалпы «жатқан иттің қалпы» - жамбас- сан және тізе буындары бүгілген және басы артқа қайырылып, бір жақ жанымен жатады (сурет 35).




Сурет 35


Менингит кезінде дененің мәжбүрлі күйі

Ортопноэ – мәжбүрлі отырған қалыпта көбінесе жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар отырады: науқас төсегінде алға еңкейіп, аяғын түсіріп отырады (сурет 36).



Сурет 36.

Жүрек жеткіліксіздігікезіндегі ортопноэ қалпы
Бұндай қалыпта науқастың тыныс алуы жеңілдейді, өйткені көк еттің қозғалысы жеңілдейді, кеуде қуысында қысым азаяды, өкпенің экскурсиясы жоғарылайды, газ алмасу жақсарады, мидан веналық қан қайтады және айналымдағы қанның көлемі азаяды: қанның жартысы аяқтарда іркіледі, жүрек пен кіші қан айналым жеңілдейді.

Науқас бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында, плевритте және басқа аурулардың ауыр ағымында мәжбүрлі қалыпта отырады (кесте 5).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет