Тік ішекте температураны өлшеу әдістері (ректальды өлшеу)
Тік ішекте дене температурасын өлшегенде дұрыс нәтиже алынады, өйткені тік ішек-тұрақты температурасы бар анальды қысқышпен жабылған қуыс. Онымен қоса тік ішектегі температура ішкі мүшелердің температурасына сай келеді.
Ректальды өлшеуге көрсеткіш: 4-5 жасқа дейінгі балалар, ағзаның жалпы тоңазуы, қолтық асты терісінің зақымдалуы және қабыну процестері, науқастың айқын әлсіреуі.
Қарама-қарсы көрсеткіштер: іш өту, іш қату, көтеу және тік ішектің басқа аурулары.
Шараның орындалуы:
1.Термометрдің ұштығын вазелинмен майлау.
2.Науқасқа бір қырымен жатуын өтіну, кішкентай балаларды ішімен жатқызады.
3.Термометрді абайлап тік ішекке 3-5 см тереңдікке енгізу. Термометрді бірден кіргізуге, тік ішекте қатты бекітуге, дене температурасын өлшегенде қозғалуға болмайды.
4. Науқасқа термометр айналасын жамбасымен қысып ұстауын, жамбасында жатқан саусақтарымен термометрді ұстап тұруын өтіну.
5. Тік ішекте дене температурасын сынапты термометрмен өлшеу уақыты 2–3 минуттан аспау керек.
6. Тік ішекте дене температурасын өлшегенде қалыпты деңгей: 37,3-37,70 С. Тік ішекте қолтық астына қарағанда қалыпты температура 0,5-1 0 С –қа жоғары екенін есте сақтау керек.
7. Тік ішектен термометрді 10 минуттан кейін алып, көрсеткішін алу қажет.
8. Термометрді дезинфицирленген ерітіндісі құйылған ыдысқа салу қажет.
Температураны тәулігіне 2 рет өлшейді: таңертең аш қарынға (06.00 – 09.00) және кешке соңғы тамақты қабылдар алдында (17.00 – 19.00), қажет болса – әр 2-3 сағатта. Өлшер алдында науқас тыныштық жағдайында 10-15 минут болуы керек. Сонымен қатар, тамақ ішкеннен кейін бір сағаттан соң өлшеген дұрыс болады.
Цельсий бойынша 37°С -тан жоғары дене температурасы жоғарылағанда, үлкендерде және балаларда әр көтерілген градусқа тыныс қозғалысы жиілігі 4 тыныс алуға жоғарылайды, үлкен адамдарда пульс —минутына 8—10 соққыға, ал балаларда минутына 20 соққыға жоғарылайды.