Тері жамылғысының көгеруі (көгерген түс) қанның оттегімен нашар қанығуы немесе қанайналымның баялауына байланысты болады. Көгеру жалпы және жергілікті болады. Жалпы көгеру өкпе, жүрек аурулары кезінде кездеседі. Бұл кезде терісі көгілдір-көк немесе қара-күлгін түсте болады. Жергілікті көгеру тамырда қанның іркілуі мен оның кері ағуының қиындауы салдарынан болады. Егер еріннің, мұрын, құлақ ұшының, құлақ қалқанының, бетінің көгеруі болса, оны акроцианоз деп атайды.
Қола тәрізді немесе қошқыл-қоңыр түсзат алмасу бұзылыстары (бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі), инфекциялар, онкологиялық ауруларда кездеседі.
Пигментация – күшейген (гиперпигментация) немесе жетіспеушілігі (депигментация). Гиперпигментацияға секпіл, қалдар жатады. Пигментацияның болмауы витилиго деп аталады.