Тыныстың тереңдігі. Науқастың тыныштық жағдайында дем алу және дем шығару ауа көлемімен анықталады. Үлкен адамда тыныс алу көлемі орташа 500 мл құрайды. Дем алған және дем шығарған ауа санына байланысты тыныстың тереңдігі көбеюі (терең тыныс) немесе азаюы (беткей тыныс) мүмкін. Беткей тыныс көбінесе тыныстың ақаулы жиілеуімен бірге жүреді. Терең тыныс керісінше, тыныс жиілігінің сиреуімен бірге жүреді.
Т ыныстың ақаулы типтеріне Чейн-Стокс, Биот, Куссмауль тыныстары жатады (сур. 47).
Чейн-Стокс тынысы
Биот тынысы
Куссмауль тынысы
Сурет 47.
Тыныстың ақаулы типтері
Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі және үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін). Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда және басқалары кезінде байқалады.
|