Тыныс алудың кеуделік типінде тыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің көмегімен іске асады. Демді ішке алғанда кеуде клеткасы кеңейеді және аздап көтеріледі, демді сыртқа шығарғанда – тарылады және шамалы төмендейді. Бұндай тыныс типі әйелдерде жиі кездеседі.
Тыныс алудың іштік типіндекөк ет және іштің бұлшық еттері жұмыс істейді. Демді ішке алғанда көк ет жиырылады және төмендейді, ол кеуде қуысында теріс қысымды жоғарылатады, осы кезде өкпе ауаға толады, іш қабырғасы сыртқа қарай шығады. Демді сыртқа шығарғанда– көк ет босаңсиды және көтеріледі, іш қабырғасы бастапқы қалыпқа келеді. Бұндай тыныс типі ер адамдарда жиі кездеседі.