1.2 Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері
Қазақстанда емдеу мекемелерінің 80%-ы мемлекеттік меншік иелігінде, олардың 20%-ы жеке меншік, яғни мемлекет медицина мәселелерінде басты рөлді сомдайды деген сөз. Халық саны 17 миллионнан аса адамды қамтыған жағдайда Қазақстанның медициналық нарығының аумағы 500 миллион АҚШ доллары сомасына бағаланады. Орта есеппен республика аумағында 54,8 мың дәрігер мен 117 мың орта медициналық персонал қызмет етуде.
Медициналық көмекті қамтамасыз ететін мекемемелер емдік-алдын-алу мекемелері деп аталады (ЕАМ). ЕАМ халықтық пункттердің бекітілген болашақ жоспарлары мен жоспарлану жобаларына сәйкес орнату қажет.
Топырағында органикалық, химиялық, радиациялық зақымдануы бар бұрынғы қоқыс қоймасы, мәйіттер, мал сою алаңдары, ассенизация орындары болған аумаққа мекеме салуға болмайды. ЕАМ-ді құрылыстың қызыл жолағынан 30м, тұрғын және қоғамдық үйлерден 50 м алшақ орнатып, теміржол, әуежай, жол трассалары мен басқа да күшті физикалық факторлардан алшақ орналасуы қажет. ЕАМ аумағы науқастардың тынығуы мақсатында кішігірім сәулеттік құрылыстармен жайландырылуы керек.
ЕАМ аумағында қуаттылығы 110 кВт аспайтын электр тасымалдау желілерінің өтуіне болмайды, сондай-ақ қалалық (ауылдық) инженерлік коммуникациялар (су, жылу, кәріз құбырлары) магистральдары да өтпеуі тиіс. Көгалдандыру көлемі аурухана, диспансер, стационар аумағының 40%-ынан кем болмауы керек.
ЕАМ екі түрі ажыратылады: амбулаторлық және стационарлық. Амбулаторлық медициналық көмекті науқастардың - 80%-ы, ал стационарлық көмекті - 20%-ы қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |