С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет224/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе
32, 34 тарих, Skleroz 2012 Nv9 005, Otorino 2014 03 041, TA 2013 11 073, Nv 2017 08 085, Anestesiolog 2019 02 005, 2 основных дока гинек, Печать контента170
ҚОРТЫНДЫ

2006 жылдан бастап «Клиникаға кіріспе» пәнін беру арқылы жинаған тәжірибені тұжырымдай келсек, бұл пәнді оқыту студенттерде ерте клиникалық ойлауды қалыптастыруға үлкен мағына береді.

1-2 курстарда оқытылатын базалық пәндердің арасында, бұл пән студенттердің күдіксіз қызығушылығын тудырып, ерекше орынға ие. Студенттер клиникаға бірінші рет сырт адамдар немесе науқастар ретінде кірмей, керсінше шынайы науқастармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Бұл үшін пән бойынша негізгі әдебиетті оқу арқылы жеткілікті арнайы білім деңгейі қажет. Бірақ, осы уақытқа дейін ондай оқулық болмады. Сондықтан, студенттер біріншіден мейірбикелерге арналуына, екішіден пәннің оқу бағдарламасына сәйкес емес ақпараттардың болуына байланысты, әртүрлі әдебиеттер көзін қолдануға тура келеді. Түрлі әдебиеттер көздері студенттердің ақпараттануының әртүрлі дайындық деңгейін көрсетіп, сабақ өткізу сапасын төмендетеді. Сабаққа дайындалу кезінде шет ел студенттері қиындықтарды кездестіреді, бұл жағдай орыс тіліндегі әдебиеттерді қолдана алмауымен және ақпараттарды ғаламтор жүйесінен іздеу арқылы дайындықтарына әкеледі.

Кредиттік технологияны енгізу шарттарында студенттердің сабақ тақырыбы бойынша ақпарат іздеудің орнына, бағдарламаны өзіндік дайындық жұмыстары арқылы меңгеруге негізгі мән берілу арқылы шығармашылық ізденіске және білімді тереңдетуге жағдай жасалуы қажет. Пән бойынша негізгі материалды меңгеру студенттің өзіндік жұмысын өткізу қалыптарын белсенді оқыту әдістерін және қашықтық оқыту технологиясын қолдану арқылы түрлендіру жүргізіледі.

Осы аталған жағдайларға байланысты кітап басып шығару негіз болды. Оқулықта тақырыттық жоспарға сәйкес пәнді оқу бойынша ақпараттар жүйеленіп, жинақталған. Алғаш рет медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі ҚР заң шығару базалары ұсынылды. Көп жылдық жұмыс тәжірибесі негізінде ЕАМ-нің санитарлы-эпидемияға қарсы режимінің сұрақтары бойынша төмен мәлімет берілу байқалды. Дезинфекция, стерилизация, медициналық қоқыстар жөніндегі мәліметтер түрлі әдебиеттерде бірнеше мағынада беріліп, студентке сұрақ бойынша бағдар жасау бәршама қиындықтарды туғызады. Науқастардың функциональді жағдайын бағалау, күтім шарттарын білу, науқастарды тамақтандыру сұрақтары бойынша білім көрсеткіштері профильді клиникалық пәндерде оқу кезінде негізгі базалық білім алуға жағдай жасайды. Біздің жинаған тәжірибе негізіне жүгінсек, вертикаль бойынша кафедралардың өзара қатынасу дәрежесінен және тиімділігінен оқыту сапасы тәуелді екенін көрсетеді. Осыған байланысты медициналық оқу орнында оқуының алғашқы жылынан бастап, кәсіби бағдарланған маман иесін дайындау студенттерде болашақ мамандықты таңдау жолында жауапкершілікті дамытады.

Бұл баспа жеткілікті ақпарат көзі ретінде таласқа түспейді. Барлық сын ескертпелерін алғыс ретінде қабылдаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет