Құрамында спирт бар заттар: 70% этил спирті, изопропанол, пропанол, октенисепт, изосепт, предез, инцидинликвид, микроцид және т.б.
Бактериоцидті, туберкулоцидті, фунгицидті қасиет көрсетеді. Улылығы аз, дақ қалдырмайды және экологиялық қауіпсіз болып саналады. Спиртті заттарды теріге антисептик ретинде қолды тазалауда, иньекция жасағанда көп қолданады. Стетоскопты, қайшыны, термометрлерді дезинфекция жасауда пайдаланады.
Бірақ дезинфактанттардың бұл түрі микроорганизмдердің вегетативті формалары мен спораларына байланысты әсерсіз. Эндоскоп, хирургиялық материал, құрал-жабдықтарды спиртпен өңдеу эффективтілігі төмен және инфекциялардың таралуына алып келуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |