Қатаң төсек режимі -науқас максимальді шектелген, төсекте активті қозғалу қатаң тиым салынады, тіпті бір бүйірінен келесіне бүйіріне орнын ауыстыру да. Бұндай режим реанимацияда және интенсивті терапияның бөлімшесінде, ота жасалғанан кейін, омыртқаның және бас ми жарақатынан кейін тағайындалады.
Төсек -науқас төсектен тұрмайды, отыра алады, бұрыла алады. Барлық жеке басына қатысты гигиеналық шаралар төсекте кіші медбикенің көмегімен жүргізіледі.
Жартылай төсек - науқас барлық уақытын төсекте өткізеді,төсектің шетіне отырады немесе тағам қабылдауға арналған орындықта отырады, таңертеңгілік тазалығын және дәретханаға медбикенің көмегімен бара алады.
Бөлмелік (палаталық) - науқас көп уақытын төсекте өткізеді, бөлменің ішінде еркін жүруге рұқсат етіледі. Барлық жеке басына қатысты шаралар бөлменің (палатаның) ішінде жүргізіледі.