С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет22/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

4-Тарау
ЦИТОКИНДЕР
Цитокиндердің жалпы сипаттамасы. Туа біткен және адаптивті 
иммунитеттегі цитокиндердің кызметі. Цитокин өндіруші жасушалар. 
Цитокиндік ренепторлар.
ЦИТОКИНДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Цитокиндер — түрлі антигендерге карсы туа біткен және адаптивті 
иммундык жауапта орын алатын иммундык жүйе жасушаларының 
өзара және организмнін баска жасушаларымен кен және күрделі 
аракатынастарды камтамасыз ететін иммундык жүйенің белсенген 
жасушаларының нәруызды немесе полипептидті өнімдері болып та- 
былатын медиаторлар. Цитокиндер иммундык жүйе жасушалары 
әрекеттесуінің гуморалдык кұрастырушысы. Қазіргі танда иммундык 
серпілістер мен кабынудын ұзактығы мен күшін реттей алатын 200-ден 
астам цитокиндер табылған. Цитокиндердің маңызы иммунология са- 
ласымен ғана шектелмейді, олар кан түзуге, патологиянын дамуына 
белсенді катысады.
Цитокиндердітуа біткен және адаптивті иммунитет жасушаларының 
көптеген түрлері өндіреді және иммунды жүйенін дамуына, кызмет 
етуіне, сонымен катар баска жүйелерімен әрекеттесуіне кажет. Әр түрлі 
белгілерге жауап ретінде өндіріліп, цитокиндер айналымдағы канда 
жүйелі түрде 
(эндокринді),
бір жасушадан баска жасушаға (
паракринді)
және жасушанын өзі-өзіне 
(аутокринді)
әсер ете алады.
Цитокиндерді әдетте бірнеше топка бөледі: 
интерлейкиндер
(лейкоциттердің 
өзара 
әрекеттесу 
факторлары), 
интерферондар
(вирустарға карсы белсенділігі бар цитокиндер), 
ісік некроздаушы фак-
торлар
(цитотоксикалык белсенділігі бар цитокиндер), 
колониясти-
мулдаушы факторлар
(гемопоэтикалык цитокиндер) және 
хемокин-
дер
(хемотаксисті шакыратынмедиаторлар). Бірак аталған топтарға 
жіктелу шартты. Өндірілу көздері әр түрлі және кұрылымы ұксамайтын 
цитокиндердің биологиялык кызметтері ортак болуы мүмкін. 
Іп
у
/
уо
аныкталатын эффектілердін бір катары әртекті цитокиндермен


4-Тарау. Цитокиндер
53
шакырылуы мүмкін, бұл ерекшелік организмнің корғаныс жүйесі 
кызметінің сенімділігін жоғарылатады және реттеуді камтамасыз етеді.
Цитокиндердің ерекшеліктеріне жататындар:
• бір цитокинді жасушалардын бірнеше түрі өндіре алады;
• бір жасуша бірнеше цитокинді өндіреді;
• бір цитокин бірнеше түрлі жасушаларға әсер ете алады;
• әр түрлі цитокиндер белгілі бір жасушаның белгілі бір кызметін 
шакыра алады.
Цитокиндер өздерінің әсерін нысана жасушалардың бетінде орна- 
ласатын рецепторлар аркылы көрсетеді. Цитокиннің сәйкес рецептор- 
мен байланысуы — жасушанын белсенуіне, көбеюіне, жетілуіне немесе 
өліміне алып келеді. Цитокиндердін өздерінен баска цитокиндердін 
өнімін күшейту немесе бәсендету кабілеті манызды он немесе теріс 
реттеуіш үдерістерінін негізі болып табылады.
Сонымен, цитокиндер, цитокин өндіруші жасушалар және нысана 
жасушалардың бетіндегі арнайы цитокиндік рецепторлар организмнің 
иммундык жүйесінін бірегей рецепторлык-реттегіш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет