С. В. Кожанова Жалпы иммунология


-Тарау ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет173/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

18-Тарау
ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛЫҚ 
ИММУНИТЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІ
Сұрактың тарихы. Тұрактамаудың иммунологиялык табиғатының 
тәжірибелік дәлелдері. Трансплантат тұрактамауының механизмдері ту- 
ралы казіргі көзкарастар. Трансплантациялык антигендер. Тұрактамау 
серпілісінің арнайылығы мен есте сакталуы. Адаптивті иммунитеттің 
тұрактамаудағы кызметі. Тұрактамаудың уакыт мерзімі. Тіндік іріктеу. 
Серологиялык 
НЬА-іріктеу 
және 
АЛД. 
Анти-НЬА-антиденелерді 
аныктау. Иммунды супрессиялаушы емдеу. Қалыпты иммунды супрессия- 
лаушы емдеу. Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудің жана тәсілдері. 
Трансплантат иесіне карсы серпіліс (ТИҚС). Клиникада ағзалар мен 
тіндерді трансплантациялау. Сүйек кемігінің трансплантациясы. Ағзалар 
трансплантациясынын негізгі жетістіктері. Ағзаның айрыкша орындардағы 
трансплантациясы.
СҰРАҚТЫҢ ТАРИХЫ. ТҰРАҚТАМАУДЫҢ 
ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫНЫҢ 
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ДӘЛЕЛДЕРІ
Иммунологияда колданатын 
трансплантация
термині, бір орга- 
низмнен екінші организмге жасушаларды, тіндерді және ағзаларды 
алмастыруды 
білдіреді. 
Көптеген 
түрлі 
трансплантациялардың 
хирургиялық әдістері біздін дәуірде жетілдірілген. Ғалымдар ағзалар 
мен тіндерді бір индивидуумнан екінші индивидуумға алмастыру 
сұрактарына хирургиялык технологиялар көмегімен жауап тапкан.
1902 ж. Венециялык хирург Ш тап н ы ң көрсетуі бойынша, бір жа- 
нуардан алып, сол түрге ғана жататын жануарға бүйрек алмастырып 
салғанда, бүйректің кызметі калпына келген. Ал әр түрге жататын 
жануарлар арасында бүйректі ауыстырған кезде, оның кызметі ұзак 
уакытқа жетпей (5—14 күн) токтап, ағзаның тұрактамауы белгіленген.


348
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
Жануарлар арасындағы тәжірибелік трансплантациялау 1920- 
1930 жж. жалғастырылған, бірак әрбір талаптану әрекеті сәтсіз болып 
өткен. Ауыстырып салған ағзалар мен тіндерде аукымды лейкоциттер 
шоғырлануы аныкталған.
1940 ж. басында чех ғалымы П. Медавардың бірнеше рет байкауы 
бойынша, ауыстырып салған тіндердін тұрактамауы иммундык жауап 
себебінен өтетіндігін байкаған.
П. Медавар II дүниежүзілік соғыс кезінде жасаған тәжірибесінен 
күйіп калған адамның денесіндегі терісін бір жерден екінші жерге 
ауыстырып салғанда, терінің бітіскенін байкаған, ал сол адамға туы- 
старынан салынған тері тұрактамау үдерісіне ұшыраған. Реципиенттегі 
(тін кабылдаушы пациент) аға-бауырынан алып салынған терісі 
істен шыккан және сол донордың (тін беруші пациент) терісін 
екінші рет салғанда, — тері жамауы тез арада және өте жылдам істен 
шығуы дәлелденген. Осы бакылаулар П. Медаварды жануарлармен 
тәжірибелерде және сол тәжірибелер аркылы, келесі дәлелге алып 
келді: 
реципиенттің донор жасушаларына сеіімталдануы — екінші рет
салған тіндердің айқын жылдам турақтамау серпілісін туғызады.
1945 ж. П. Медавар ғылыми баяндамасында транснлантат турақ-
тамауы донорлық ағзаларға қарсы иммунологиялық жауап арқылы
журеді жэне бул удеріс организмнің генетикалық ерекшелігіне байланы-
сты деп жариялады.
Медавардың ұсынысы өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Транспланта- 
циянын маңызы — ол хирургтың тәжірибелілігі емес, иммунология- 
лык шабуылға кедергі келтіретін трансплантациялаудын хирургиялык 
табыстары екен. Өзгерген өз жасушаларын аныктап жоятын жүйе 
тікелей салынған тіндердегі бөгде жасушаларын айырып тану және 
жою қызметін де аткарады. Ол жүйені біз иммундык жүйе деп білеміз.
Трансплантациялык иммунология негіздері 
салынған тіндер 
тұрактамауының иммунологиялык негіздерін түсінуге арналған. 
Белсенді тәжірибелер аркылы иммундык жүйенің активтігін басуға 
арналған жолдар және сол эксперименттер нәтижесінде салынған 
тіндердің табысты бітісуіне колайлы әдістері іздестірілген. Көп 
кешікпей 
иммунологиялық шабуылды басатын әр турлі иммунды супрес-
сиялы препараттар дайындалған.
Эксперименталды трансплантациянын іргесін қалаушы А. Каррель 
жануарларға бүйрегін салуға бірнеше керемет операциялар өткізген 
және орнаткан ағзада тамырларын бітістіріп, канайналымынын толык 
калыптасатындығын дәлелдеген; ол 1912 ж. Нобель сыйлығына ие


18-Тарау. Трансплантациялық иммунитепің негіздері
349
болды. Дүниежүзілік трансплантология негіздеріне сонымен катар 
эксперименттеуші хирург, ғалым, биолог, физиолог В.П. Демихов үлес 
коскан. 1937 ж. ол дүние жүзінде итке жасанды жүрек салды, 1946 ж. 
жүрек пен өкпені бірге трансплантациялады. Сосын 1947 ж. ол өкпені, 
ал бір жылдан кейін бауырды бір иттен екінші итке салды. Ксенотран- 
сплантация ен алғашында Миссисипи штатында 1964 ж. Д. Хардимен 
жасалды, ол шимпанзе жүрегін 68 жастағы пациентке салды.
Медавардын 1945-жылғы баяндамасынан дәл 10 жылдан кейін, 
бірінші рет адамға бүйрек трансплантациясы сәтті, табысты жасалған. 
Мисһіп 1955 ж. НатЪищ клиникасында бүйректі реципиентке анасынан 
ауыстырып салу табысты өткен. Совет Одағында бірінші рет табысты 
бүйрек трансплантациясын 1965 ж. Б.В. Петровский өткізген. Адамның 
жүрегін ауыстыруды Австралияда Хрооте—Схюр клиникасында 1967 ж. 
Кристиан Барнард салды. К. Барнардтын операциясынан соң 5 жылдан 
кейін-ак салынған мүшелердіц тұрактау мерзімі 50%-дан асты. Ол — тұ- 
рактамаудың иммунологиялык негізіне және донор-реципиент жұбының 
іріктеу әдістері үзбей жетілдіруіне, тұрактамаудың алдын алуына арналған 
1972 ж. Ж.Ф. Боррель ашкан алғашқы иммунды супрессиялаушы 
препаратты — циклоспоринді колдануға байланысты болды.
Казіргі кезде трансплантация дүние жүзіне кең тараған деуге болады. 
Бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, сүйек кемігі және көздің мөлдір кабығын 
салу казіргі кезде өте тез және табысты деңгейде өтуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет