С. В. Кожанова Жалпы иммунология


ТРАНСПЛАНТАТ ТҰРАҚТАМАУЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет174/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ТРАНСПЛАНТАТ ТҰРАҚТАМАУЫНЫҢ 
МЕХАНИЗМДЕРІ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР
Трансплантат тұрактамауы 
донор мен реципиенттің арасындағы
тетикалық айырмаиіылықтары себебінен, бул жағдайда реципиент
агзасынан трансплантатқа қарсы иммунологиялық серпіліс дамиды.
Бр серпіліс донор мен реципиенттін генетикалық туыстығы канша аз 
болса, сонша айкын дамиды. Әр түрлі салынған трансплантатка карсы 
иммундық жауаптың дәрежесі де әр түрлі болады. Әрбір трансплантат 
түрін белгілеу үшін бірнеше терминдерді колданады.
Аутотрансплантат
деп, бір индивидуумда өз денесінің бір жерінен 
алып, баска жеріне салынған тіндерін айтады. Бұл алмастыру түрін 
көбіне күйген адамдарда өткізеді, ол кезде денесінің таза терісін күйген 
жеріне жамайды.
Изотрансплантат (синтрансплантат)
— ол генетикалык ұксас 
индивидуумдар арасындағы салынған тіндер мен ағзалар. Изотранс-


350
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
плантациялау таза линияға жататын (инбредті) тышкандардың 
арасында орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалык 
ұксас (монозиготалык) егіздер арасында өткізіледі.
Аутотрансплантат пен изотрансплантат
донор мен реципиенттін 
генетикалык ұксастығы болғандыктан, негізінен тұракты болады.
Аллотрансплантат
— ол бір биологиялык түрге жататын генети- 
калык түрлі организмдердін арасындағы салынған тіндер мен ағзалар. 
Тышкандарда аллотрансплантациялау бір таза линиялы тышкандар- 
дан екінші таза линиялы тышкандарға тіндерін немесе ағзасын сал- 
ғанда орындалады. Адамдарда аллотрансплантациялау көп кездерде
бір индивидуумнан екінші индивидуумге ағзасын алмастырғанда өтеді, 
мысалы, донор орнында реципиентке ұксас емес (гетерозиготалы) 
егізі болса. Аллотрансплантат иесіне генетикалык ұксас болмаса, оны 
көбіне иммундык жүйе ажыратып танып, істен шығарады.
Ксенотрансплантат
деп — әр биологиялык түрге жататын орга- 
низмдердің арасындағы салынған тіндер немесе ағзасын атайды. 
Мысалы, адамға маймылдан алып салынған жүректі, ксенотрансплантат 
деп атайды. Шамасы, ксенотрансплантат өте жоғары генетикалык 
сәйкессіздік білдіретіндіктен, оның тұрактамауы да жүреді.
Аллогенді жэне ксеногенді трансплантаттар эрқашан турақтамайды.
Медициналык практикада жиі аллотрансплантатты пайдаланады. 
Бұл кезде реципиент пен донор екеуінде кейбір гендердің түрлі аллельді 
варианттары болады. Реципиенттің иммунитет жүйесі 
аллотрансплан-
тат жасушаларының бетінде экспрессияланған антигендерді
бөгде зат 
ретінде танып, оған карсы иммунологиялык түрактамау серпілісін 
шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет