С107-17к Жетекшісі: Шуланбеков Беркінбай кіріспе


Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі



бет2/11
Дата23.05.2020
өлшемі212,52 Kb.
#70651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сурет салу және сызу мектеп кабинеті

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Әлем елдері қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімнің қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымына елеулі өзгерістер әкеліп білімді де білікті, белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сол себепті ұлттық деңгейдегі білім берудің мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне қатысуға дайын құзіретті, интеллектуалды және рухани жағынан дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.

Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да,оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген (бұл жерде айта кету керек,осыған дейінгі бағдарламаларда негізінен геометриялық құрылымдарға сәйкестендіріліп жасалған болатын. Сабаққа берілген уақыттың біразы сол геометриялық денелер және олардың комбинациялары тақырыптарына бөлінетін).

Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес колледж студенттерінің графикалық дайындығын жақсартуды керектігі, бұл - өмір талабы. Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек. Неғұрлым осы пәнді оқыту әдістемелерін жетілдіріп, оны өмірге дұрыс пайдалана білсек, соғұрлым адамзат тіршілігінін барлық саласында қолданылатын сызбаларды оқушыларымыз оқи да, орындай да алар еді.    

Сызба деп нәрсенің кескіні және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты атайды. Сондықтан сызба — ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және т.б. жасау үшін, кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдар, соңдай-ақ су, газ, мұнай, электр энергиясын т.б. жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың «Сызба -техника тілі» деуі тегін емес.



Сызу - техника тілі болғандықтан, казіргі заманғы өндірістің негізгі, заңдылықтарын түсінуде аткаратын кызметі орасан зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетік бөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина механизмдерін құрастырады. Сызу техникада ғана керек емес. Біздің  заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады. Біз бұл құбылысқа көңіл бөле бермейміз. Тек қана, «неге мұндай?, неге сондай?, неге қисық?, неге түзу?» т.б. осындай сұрақтар туындағанда ғана, сол сұраққа жауап іздеп шытырман сызықтар, өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіргенімізді білмей қаламыз. Бұл – сызу. Демек, техниканың дамуының тілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет