0
Сабақ (1)
|
Қазақ әдебиеті
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Абай Құнанбайұлы. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі
|
Күні:
|
26.11.2019
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Казимова Н.А.
|
Мектеп:
|
«Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі» КММ
|
Бөлім атауы
|
Абайды оқы, таңырқа!
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Т/Ж: 6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
А/И: 6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы орындай алады:
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңінің мазмұнын біледі. Сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Өлеңдегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады, өлеңдегі жағымды, жағымсыз қасиеттерді салыстыра алады
Оқушылардың кейбіреулері орындай алады:
Өлеңдегі автор бейнесін анықтап, шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Абай Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңіндегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру, поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтау;
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
А. Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді,өлеңдегі көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді, өлеңдегі автор бейнесін анықтап, шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Әзірет Әлі, даңғой.
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Көкірегі сезімді, тілі орамды, таң қаламын, өнерлі інім.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Абай үшін өлең жазу нені білдіреді ?
2. Ақын қандай мақсатпен өлең жазады?
3.Ақын сөзін қандай адам ұғады?
4.Ақын өлеңі кімге арналған?
5. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің идеясы?
|
Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту.
|
Алдыңғы оқу:
|
А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айту.
|
Құндылықтарға баулу:
|
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы.Өмір бойы білім алу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, музыка, Қазақстан тарихы.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (7мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты түгендеу.
Психологиялық ахуал «Арқаға жазылған
комплименттер» әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылады. (2 мин)
Орындалу шарты: Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.
Топқа бөлу «Жыл мезгілдері» әдісі арқылы орындалады. (2 минут)
Орындалу шарты: Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.
І топ: "Қыс" тобы
ІІ топ: "Көктем" тобы
ІІІ топ: "Жаз" тобы
ІІ топ: "Күз" тобы
Үй тапсырмасы "Кубизм" әдісі арқылы сұралады. (2 минут)
А.Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын анықтау.
Орындалу шарты: оқушылар текше лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.
А. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде қандай қасиет айтады?
Ақын қандай нәрседен қашық, қандай нәрсеге асық болуға шақырады?
Неден жиреніп, неден ғибрат алу керек ?
Ғалым болу үшін не істеу керек? Ғылымның құндылығы неде?
Өлең қандай тақырыпқа жазылған?
6. Абай жастарды қандай болуға шақырады?
Дескриптор:
1. Өлең мазмұнын түсінеді;.
2.Идеясын анықтай алады.
ҚБ: Жұлдызша арқылы бағаланады
|
Интербелсенді тақта
жаз
Көктем
қыс
6 сынып. Қазақ әдебиеті оқулығы. "Арман -ПВ" баспасы 64-70 бет.
|
|