Сабақ : 1 Мекеме атауы: Рудный қаласы әкімдігінің «№10 мектеп-гимназиясы»



Дата06.09.2023
өлшемі207,5 Kb.
#180379
түріСабақ
Байланысты:
"Көп тіл білгім келеді" Қазақ тілі мен әдебиетінен Т2 қысқа мерзімді сабақ жоспары, 7-сынып.


Сабақ : 1

Мекеме атауы: Рудный қаласы әкімдігінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдильдина Н. Ж.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Көп тіл білгім келеді

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.ТБ1.4.Қазақша сипаттау мәтіндер арқылы көп тілді меңгеруге қатысты ақпарат беру. Лексикалық тақырып аясында көмекші есімдерді меңгерту.



Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде мәтін жайлы ақпарат беруге үйренеді.
Мәтін мазмұнын аша алды.
Оқушылардың көпшілігі
Мәтіннен  көмекші есімдерді ажырата алады;
Мәтін тақырыбын аша алды.
Оқушылардың кейбірі
Мәтіннен барлық көмекші есімдерді ажырата алады;.
Мәтін идеясын аша алды

Бағалау критерийлері

ОТЖ: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, қазақ тілінде көп тілділік жайлы ақпарат береалады.
ООЖ: қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, қазіргі көптілділік жағдайын сипаттайды.
ОЖЖ: тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Шеттілдері, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, белсенді сөздер.

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:
Көмекші есімдерді сөйлемде жазылу ережесін біліп, қолдануын дағдыға айналдырады.
Пән лексикасы және терминология:
Көмекші есімдер
Мәтінге сүйеніп,ақпараттың дұрыстығын тексереді

Тапсырмалар. Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуалтуғызу

Мұғалім «шаттық шеңбері»
—Балалар,сендер қарым-қатынас барысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткенсабақтытексеру

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады..

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «тіл» сөзіне ассоциограмма құрғызады.

Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.

Топқа бөлу

Г еометриялық фигуралар үлестіріледі



Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

2. Мәтіналды жұмыс.
А) Тыңдалым.Оқылым.Айтылым.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Сөйлемдерді тыңдайды,оқиды,өзойынайтады.Сұраққа жауап береді




Жазылым._Оқулықтағы_2-тапсырманы_орындатады.__Жеті_түрлі_ілім'>Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы
2-тапсырманы орындатады.

  1. Жеті түрлі ілім біл,жеті жұрттың тілін біл(мәтел )

  2. Ана сүті бой өсіреді

Ана тілі ой өсіреді (мақал)

  1. Көп тіл білген адамның жолы даңғыл(С.Шаймерденов)

  2. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды тарихымызды ұмыту (Б.Момышұлы)

  3. Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ

адам сияқты(Ғ.Мұстафин)

Оқылым.Жазылым.
Қанатты сөздерді оқиды,
«Түсіндірме сөздіктің» көмегімен қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтайды, тіл туралы өзіне ұнаған мақалдар мен нақыл сөз- дерді жазып алады.

3. Тілдік бағдар. Көмекші есімдерді меңгертеді.




Көмекші есімдерді меңгереді.

А) Жазылым. Оқулықтағы
3-тапсырманы орындатады.

сырты

іші

қасы

асты

үсті

жаны



















4-тапсырма Керектісөздер: ішінде,алды, артында, сыртында, артта, арты

  1. Өнер…-қызылтіл.

  2. Үй……кісі бар,әр нәрсемен ісі бар.

  3. Мал аласы……,адам аласы….

  4. Адасқанның алды–жөн,…-соқпақ

  5. Бала-…..қалған із

Жазылым.
3-тапсырма
Кестеге көмекші есімдер тіркескен сөздерді жазады,


4-тапсырма Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қояды.

Ә) Айтылым.Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
«Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырады, жұптық жұмыс орындатады. Бірінші оқушы зат есімді айтады,екінші оқушы оған тіркесетін көмекші есімді жылдам тауып айту керек

Айтылым.'>Айтылым. Ойын шарттарын орындайды.



ІІ. Мағынаны тану

  1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олардыоқиды, оқушыларғақайталатады.

шет тілдері, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, белсенді сөздер

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс
айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Айтылым.
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын өз сөзімен айтады.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы
7-тапсырма Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ құрастырады
1.Ана тілді үйрену үшін нені жақсы білуің керек?
2.Кейбір зерттеушілекрдің пікірінше неше белсенді сөзді білген дұрыс?
3.Қазақ тілі қандай тіл?
8-тапсырманы Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексер

ақпарат

иә

жоқ

1.Басқа тілді үйрену үшін ана тіліңді жақсыбілуің керек







2.Басқа тілде өз ойыңды жеткізу үшін 5 мыңбелсенді сөз білген дұрыс







3.Тілді тез меңгеру үшін тіл үйрену курстарынабарған дұрыс







4.Бір тілде 5мың сөз игерсең,ақпарат есігі ашылады







5.қазақ тілі славянтілдер тобына жатады










Айтылым.
7-тапсырма мәтін мазмұныбойынша бірнеше сұрақ қояды,

ақпараттың дұрыстығын тексереді.








Б) Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы
орындатады.
5мың белсенді сөз білген адамның алдынан ақпарат есігі ашылады.

Жазылым. Көмекші есімдерді пайдаланып, сөйлемқұрап жазады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тыңдалым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Тіл үйренушілердің өз тәжірибесі туралы пікірін тыңдайды.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 11 -тапсырманы орындатады.
Тіл үйренушілердің пікірінен қандай ой түйдің?
Өзің ше не айтар едің?
Сен неше тіл білесің?
Енді неше тіл білгің келеді?

Тіл үйренушілерден түйгенім

Тіл үйренудегі тәжірибем
















Жазылым. Тіл үйренуші-лердің пікірін кестеге толтырады.

6.Сергітусәті.«Қосшеңберішіндетанысу»тәсілінпайдаланып, тақырып аясында сұхбатқұрғызады.

Оқушылар екі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарап тұрады. Өзара әңгімелесіп, сұхбат құрады.

ІІІ. Ойтолғаныс

Жазылым. Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.
Қазақ тілі қандай тіл?






Жазылым. Қосымша қайнар көздерден қазақ тілі туралы ақпарат жи- найды,
«Қазақ тілі қандай тіл?» тақырыбына кластер құрастырады.

IV. Бекіту

А) Айтылым. Оқулықтағы 14-тапсырманы орындатады. Тіл туралы мақал-мәтелдер
нақылсөздердіқолданады

Айтылым.
«Көп тіл білу үшін...» тақырыбында диалог құрады.

Ә)«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдердіоқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шең-бер» техникасы бойыша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

4-бет, жаңа сөздер, мақал жатқа




Кері байланыс

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет