Ортасы 20 минут
|
«Интервью» әдісі
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
XVI-XVII ғғ. қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті – өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.
XVI-XVIIғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе, XVI-XVII ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті XVI-XVII ғғ кеңінен өркендеді. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б. XVI-XVII ғғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетай.
XVI-XVII ғғ – қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Исламды таратушылар – Түркістан, Бұхара, Астарханның дінбасшылары.
Тұрғын үй түрлері: киіз үй және шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй.
Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй – күйме.
Қысқы киімдері: күпі, шидем, ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ.
Ұлттық тағам түрлері: ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент.
Үш топтан үш оқушы шығып асықты шиіреді. Кімнің асығы алшы түссе сұрақ сол топтың ойыншыларына қойылады. Егер ол топ жауап бере алмаса, келесі топ мүшелері жауап береді. Ойын ары қарай жалғаса береді. Дұрыс жауап берген топқа әр жауабы үшін бір асықтан беріліп отырады. Асықты көр жинаған топ жеңіске жетеді.
Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениетінің даму ерекшелігі қандай?
Рухани мәдениет дегеніміз не? Оған мәдениетттің қай салалары жатады?
Қазақ ауыз әдебиетінің бай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа қалай жетті?
Жазба әдебиет мұрасынан қандай еңбектерді атай аласыңдар?
Халықтың күнтізбесінің ерекшелігі неде? «Жұлдызды әуе картасы» дегенді қалай түсінесің?
Қазақтар арасында ислам дінін кімдер таратты?
Материалдық мәдениет дегеніміз не?
Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар.
Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар.
. «Дискуссиялық өрнек»
«Хандар» тобына:
р/с
|
мазмұны
|
келісемін
|
келіспеймін
|
1
|
Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге тиісті
|
+
|
|
2
|
Ханның уәзірі болған жоқ
|
|
+
|
3
|
Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс
|
+
|
|
4
|
Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ
|
|
+
|
«Билер» тобына:
р/с
|
мазмұны
|
келісемін
|
келіспеймін
|
1
|
Би – әділ, шешен, ақыл-кеңес бере алатын адам
|
+
|
|
2
|
Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес
|
|
+
|
3
|
Би – бірнеше рудан құралған арысты басқарады
|
+
|
|
4
|
Би – жазалау құқығына ие болған жоқ
|
|
+
|
«Батырлар» тобына:
р/с
|
мазмұны
|
келісемін
|
келіспеймін
|
1
|
Батырлар – халық жасағын басқарды
|
+
|
|
2
|
Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ
|
|
+
|
3
|
Батырлар – феодалдар тобына жатты
|
+
|
|
4
|
Батырлар хан алдында жауапты емес
|
|
+
|
ҮІІ. Қорытындылау
|
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
«Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.
|
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
|
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
|